Тіл және сөйлеу

· Тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеуді;
· тірек сөздердің көмегімен мәтін мазмұнын айтуды үйренемін.

Мен не үйрендім?

1. Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі тұстарын белгілеп ал.

Парталас досың мәтіннің мазмұнына тірек болатын сөздерді дұрыс белгілей алды ма?

Оның қатесін тауып, өз нұсқаңды ұсын.

  Монолог – сөйлеушінің өз ойын бір немесе бірнеше адамға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.
  Монолог жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да монолог – бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы.

– Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
– Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
– Сен қай тілде сөйлейсің?
– Мен қазақ тілінде сөйлеймін.
•  Диалогті парталасыңмен жалғастырып көр.
  Диалогке қатысуда сөйлеудің қай түрі жүзеге асты?

Үш бақытым

               Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін*.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым* менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі* тіліммен тілімдедім,
Кей-кейде дүниеден түңілсем* де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, – Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда* жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

Мұқағали Мақатаев

  Әкең – Мұхаммед Құсайын мырзаның өз дегенінен қайтпайтын мінезі бар. Бала күнінен ата-баба тарихын құлағына құйып өсті. Олардың жүріп өткен жолдарына дейін жатқа білетін. Аталарының іс-әрекеттері ол үшін үлкен мәртебе. Солардың халқына еткен қызметін мақтаныш тұтатын. Аталарындай болу оның бала күннен бергі мақсаты еді. Мына заман оған мүмкіндік беріп пе?
  Мәулен есіне бірдеңе түскендей үнсіз қалды. Мұхаммед Хайдардың екі көзі ұстазында. Ол үшін одан асқан данышпан жоқ тәрізді.

«Шығыстың ұлылары».
Мұхаммед Хайдар Дулати

×
×

Cart