ТҮС ҚАНЫҚТЫҒЫ

Түстің қандай қасиеттерін білетініңді есіңе түсір.

Қанықтық – түстің айрықша белгісі.
Қанық түстер – ақ және қара түстердің қоспасынсыз таза түстер.
Қанық емес түстер ашық әрі қою болады: қою қанық емес түстерге қара түсті бояу қосылады, ашық қанық емес түстерге ақ түс қосылады.

  Ал енді түстердің қанықтығын білгеннен кейін, алдыңғы беттегі суреттерді тағы бір рет қарап шық. Алдыңғы және артқы қатардағы ағаштарды перспектива тұрғысынан сипатта.
  Табиғат көрінісін бейнелеген кезде қанық және қанық емес түстерді бірдей пайдалану керек. Бізді қоршаған денелер алыстаған сайын жарық пен ауа кеңістігінің әсерінен түстерін өзгертеді. Біз алыстағы заттарды көгілдір түске боялған ауа қабаты арқылы көреміз. Бұл құбылыс кеңістік перспективасы деп аталады.
  Кеңістік перспективасы сызықтық перспективамен салыстырғанда заттардың өлшеміне емес, олардың түстерінің қанықтығына әсер етеді. Сызықтық және кеңістік перспективасы бір-бірімен тығыз байланысты .

Мына түстердің кестесіне қарап, қанық және
қанық емес түстерді салыстыр.

1. Мына пейзаждарға қара. Оларды сызықтық және кеңістік перспективасы бойынша сипатта.
2. Алдыңғы және артқы қатардағы заттарды түс қанықтығына қарай суретте.
3. Алдыңғы және артқы қатардағы заттардың өлшемін анықта.

Кеңістік перспективасын тұманды күні жақсы бақылауға болады. Егер жақындағы денелердің түстері мен пішіндері анық көрінсе, олар алыстаған сайын түстерінің қанықтығын жоғалтып, тым алыстағылары тұманға мүлде «батып» кетеді.

 Кеңістік перспективасы – заттар алыстаған сайын пішіндерінің анықтығын жоғалтып, түстері суық тарта бастайтын құбылыс.

Графикалық суреттерде алдыңғы қатардағы заттардың
түсі қара , ал алыстаған сайын ашық сұр түске өзгере бастайды. Ақ-қара түсті суретке қарасаң, оны анық байқайсың

Мына суретке қарап, көрерменге ағаштардың қайсысы жақын, қайсысы алыс орналасқанын анықта. Егер ағаштардың түс қанықтығы бірдей болса, бұл сұраққа жауап бере алар ма едің? Жауабыңды түсіндір.

  Суретімізге қайта оралып, артқы қатардағы ағаштардың түсін алдыңғыларға қарағанда ашықтау етіп бейнелейміз. Кеңістік перспективасының ерекшеліктерін біле отырып, қай ағаш жақын, ал қайсысы алыс орналасқанын байқау қиын емес. Егер сен сызықтық перспективаны қолдансаң, онда суретің одан сайын әсерлі көрінеді.

  Әдетте сенің жасыңдағы балалар денелерді бір жазықта бейнелейді. Ал кейбіреулері қазірден-ақ суреттерінде сызықтық және кеңістік перспективаны беруге тырысып жүр.

1. Бірінші пейзажда сызықты қ немесе кеңістік перспективасы берілген деп айтуға бола ма ?
2. Екінші пейзаж туралы не айта сың?
3. Пейзаждар дың қайсысында сызықты қ перспектива жақсы берілген?
4. Қай пейзажда кеңістік перспективасы жақсы байқала ды? Жауабыңды түсіндір.

Туған өлкеңнің табиғатын бейнеле

  Әдетте сенің жасыңдағы балалар денелерді бір жазықта бейнелейді. Ал кейбіреулері қазірден-ақ суреттерінде сызықтық және кеңістік перспективаны беруге тырысып жүр.

×
×

Cart