«ЕЖЕЛГІ ҚАЛА» КӨЛЕМДІ ПАННОСЫН ЖАСАЙМЫЗ

  Бұл панноны жасанды және табиғи материалдарды қоса отырып, түсті қалың қағаздан, ермексазбен полимер балшығынан, қолданыстан шыққан материалдардан жасай аласың. Сен бұл материалдармен жұмыс істеп көргендіктен, бүгін көлемді бұйым жасаудың жаңа тәсілімен танысасың.
  Саған қағаз салфетка, желім, су, су құятын ыдыс, акварель бояуына арналған су құйылған ыдыс, акварель бояуы, қылқалам, палитра, қол сүртетін орамал, қалың қатырма қағаз керек.

Жұмыстың жасалу реті

1. Қағаз салфетканы жыртып, шұңғыл ыдысқа сал да, үстінен ыстық су құй (ата-анаң саған көмектессін).
2. Су суығаннан кейін, оны төгіп, қағазды қолыңмен ез.
3. Желім қою болу керек. Егер ол сұйық болса, біраз тұрғаннан кейін, артық сұйықтықты төгіп таста. Желім мен қағазды араластырып, қолыңмен әбден ез.

4. Қағаз массасы жұмсақ болсын. Егер басы бірікпесе, онда крахмал клейстерін қосуға болады (анаңнан көмек сұра) Қағаз массасы сұйық болса, екі-үш қасық клейстер қос.
5. Қалың қағаз дайында. Панноның нобайын жасап ал , ал егер не жасайтыныңды білсең, алдын ала сурет салмай- ақ жұмысқа кірісе бер.

6. Дайын болған қағаз массасынан керекті бөліктерді жаса. Күрделі заттарды жасау қиынға соғады, сондықтан қарапайым пішіндерді жасап алып, одан соң оларды біріктір. Бөліктерді жапсыратын жерге желім жағып шық. Енді дайын бөліктерді әшекейлеуіңе болады, суреттің үстінен пышақ немесе сызғышпен басып тұр.

7. Өзіңді ежелгі сәулетші ретінде сезініп, құрылысты одан әрі әшекейле.
8. Бәрін жасап болғаннан кейін, композицияңды аяқта. Тағы бір мұқият қара п шығып, қажет болса, әлі де безендіруіңе болады.
Панноны боямасаң да әдемі көрінеді. Қағаздың беті мүжілген ескі тастар тәрізді көрінеді.
9. Панноға акварель бояуын аздап жағуыңа болады. Бояу дымқыл қағазға жақсы жағылады.
Қандай тәулік мезгілін бейнелейтініңді ойла н. Мүмкін, таңғы не кешкілік мезгілді не тал түсті бейнелерсің. Мына суреттерде қандай тәулік мезгілі бейнеленген? Жауабыңды түсіндір.
10. Панноны кептір. Оны досыңа сыйла не бөлмеңді безендір.

×
×

Cart