Өзіме киім үлгісін таңдаймын
У дыбысының дауысты және дауыссыз
болып айтылуы

15. Мәтінді түсініп оқы.

  Сәуле – өздерің сияқты екінші сынып оқушысы. Ол сәнді киінгенді ұнатады. Әсіресе, қуыршағына түрлі киім таңдап, сәнді киіндіргенді жақсы көреді. Бүгін қуыршағына қазақтың ұлттық киімін кигізбекші. Бірақ баскиім таңдауда қатты қиналды. Ол ойлана келіп, қуыршағына сәукелені кигізді.

•  Берілген ұлттық баскиімдердің аттарын тауып айт.

•  Сәуленің сәукелені таңдау себебін болжап айт.
•  Сәукелені сипатта. Сипаттау барысында әдемі, гауһар тастармен көмкерілген, оюланған, матамен тысталған сөздерін пайдалан.
•  Мәтіннен у дыбысы бар сөздерді теріп жаз. Дауысты у дыбысының астын – бір, дауыссыз у дыбысының астын екі рет сыз.

Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: әуежай, уақыт, Сәуле.
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: сусын, елу, улап-шулап.

16. Мәтінді көшіріп жазып, дауысты у дыбысының астын – бір, дауыссыз у дыбысының астын екі рет сыз.

  Бұйымдарды* кестемен әшекейлеу – халық қолөнерінің бір түрі. Әрбір халық өз ұлттық ою-өрнектерін тіккен кестелерінде пайдаланады.
  Қазақ халқының кесте тігу өнері алуан түрлі. Солардың бірі – кестемен қамзол*, белдемше*, тақияларды безендіру. Мұндай өнерге қыздарды кішкентай кезінен бастап үйретеді.

Орфографиялық Сөздік

сәукеле

қамзол

тақия

•  Ұлттық ою-өрнектердің түрлерін үлкендерден сұрап біліп ал.

17. Кестені тиісті сөздермен толықтыр.

18. Мәтінді түсініп оқы.

  Үйдегі гүлдер өзара таласып қалды.
– Ең әдемі гүл менмін! Ең бірінші өсіп шығып, көктем келгенін хабарлап, елді қуантамын! – деді Бәйшешек.
– Жоқ! Ел мені жақсы көреді. Өйткені менің екі бірдей көйлегім бар, – деді Бақбақ қарсыласып.
  Жандарына келген үй иесі:
– Таласпаңдар! Сендердің бәрің де әдемісіңдер! Иістерің де керемет. Бәрің қатар тұрғанда әдеміленіп, иістерің адамдарға қуаныш сыйлайды, – деді.
  Содан бері гүлдер таласпайтын болыпты.

Б. Османов ертегісінің желісі бойынша

•  Мәтіннен у дыбысы бар сөздерді тап. У дыбысының қай сөзде дауысты, қай сөзде дауыссыз екенін айт.

19. Өлеңді көшіріп жаз. У дыбысы бар сөздердің астын сыз.

Халқымызда қыздар көп,
Иеленген гүл атын.
Әпкем аты – Раушан,
Қарындасым – Жауқазын.

«Балдырған» журналынан

•  У-дың дауысты немесе дауыссыз екенін дәлелде.
•  Суреттегі гүлдермен аттас қыздардың есімдерін тауып көр.

20. Суреттен өзіңе ұнайтын киім үлгілерін таңда және оның себебін түсіндір.

21. Сөздерді буынға бөліп оқы.

•  У-дың дауысты немесе дауыссыз екенін дәлелде.
•  Қалаған сөзіңмен сөйлем құрап жаз.

×
×

Cart