Сезім мүшелері туралы өлең құрастыр амын
Ю әрпінің жазылуы

61. Мәтінді түсініп оқы.

  Болат пен Юра құрылыс басына барды. Құрылыста адамдар көп екен. Құрылысшылар 9 қабатты үй салып жатыр.Үйдің бірінші қабатында сылақшылар бригадасы жұмыс істеп жүр. Гүлсара мен Юля тәтей бөлмелерді қою сырмен сырлады. Ал Марат аға кранда жұмыс істейді.
  Құрылысшы болу қандай жақсы!

•  Мәтіннің мазмұнын айт.
•  Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Жазған сөздеріңнің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады: аю, көркею.

62. Жаңылтпашты көшіріп жаз.

Ою ою ойым бар-ды,
Ойналмастан ойын қалды.

•  Қарамен жазылған сөздердің астын сызып, мағынасын түсіндір.
•  Ю әрпінің қандай дыбыстардан құралғанын айт.

63. Сөздерді оқы. Олардағы дыбыстар мен әріптерді сана. Дыбыс саны мен әріп санының сәйкеспеу себебін түсіндір.

Көбею, молаю, үлкею, есею, сарғаю.

•  Үлгі бойынша бұл сөздерге дыбыстық талдау жаса.

64. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлең құрастырып жаз.

Ормандағы аю,
Ойы – балға … .

•  Аю балды неліктен ұнатады деп ойлайсың?
•  Аю, қою, тою сөздеріндегі ю қандай дыбыстардан құралғанын айт.

65. Аю не деп жауап беруі мүмкін? Ол қасқырға қандай ақыл-кеңес берді деп ойлайсың?
Осы сұрақтарды басшылыққа алып, әңгімені ары қарай жалғастыр.

Аю мен қасқыр

Бірде қасқыр аюлардың қыста ашықпау сырын білгісі келді…

66. Мәтінді түсініп оқы.

Парашют

  Парашютпен ұшақтан секіруге құмар болдым. Ол үшін әуелі парашютпен мұнарадан секіріп үйрендім. Содан кейін ұшақтан секіруге талпындым. Бір күні таңертең беліме парашют байлап, ұшаққа міндім. Ұшақ жерден биікке көтерілді. Қорыққаннан жүрегім дүрс-дүрс соқты. Мен секіруге әзірленіп, ептеп ұшақтың қанатына шықтым. Сол кезде ұшқыш қолын көтерді. Ұшақтың қанатынан төмен қарай секірдім. Аздан кейін бір селоның қасына келіп түстім.

Талғат Бигелдинов

•  Мәтінде не туралы айтылған?
•  Парашютпен секіру кезінде адамда қандай сезім болады деп ойлайсың?
•  Парашютпен секіруді ұнатасың ба?
•  Мәтіннің алғашқы үш сөйлемін көшіріп жаз. Ю әрпі бар сөздің астын сыз.

67. Суретке қарап, гимнастикалық жаттығу кезінде не істеу керек екенін айт.

•  Сөздерді көп нүктенің орнына йу, ю әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз.

Шалқа…, еңке…, қиса…, күше… .

•  Бұл жаттығуларды қай сабақта үйрендің?

Сөздегі и әрпінен соң у жазылмайды, ю жазылады: кию, қию, жию.

68. Сөздерге у дыбысы қосылғанда олар қалай жазылатынын түсіндір және солай өзгертіп жаз.

•  Ю әрпі қандай дыбыстардың орнына жұмсалған?

69. Сызбадағы сөздерге ортақ әріпті тауып оқы. Неліктен сол әріпті қойғаныңды дәлелде.

70. Сәйкестендір.

мияулайды,
пырылдайды

шыңғырады

ақырады

71. Жоспар бойынша мәтін құрап жаз.

1. Хайуанаттар бағына саяхат.
2. Хайуанаттар бағындағы қызықтар.
3. Саяхаттың әсері.

Орфографиялық Сөздік

парашют

хайуанат

72. Өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздің астын сыз.

Күнде тәртіп бұзыпты,
Кішілерді сүзіпті.
Миуаны үзіпті,
Мүйізіне тізіпті.

Қадыр Мырза Әли

Орфографиялық Сөздік

миуа

Юпитер

•  Миуа сөзінің жазылуына назар аудар.
•  Миуа сөзінің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап, біліп ал.

73. Сөздерді көшіріп жаз. Олардың жазылуын есте сақта.

Миуа, айуан, хайуан, хайуанат.

•  Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

74. Ребусты шеш.

•  Ребустың шешуіндегі сөз туралы білетініңді айт.
•  Юпитер туралы энциклопедиядан толығырақ біліп ал.

75. Мәтінді көшіріп жаз.

  Юраға әкесі Юпитер ғаламшары туралы түсіндірді. Юра Юпитердің ең үлкен ғаламшар екенін білді. Ол Юпитерге ұшып баратын зымыран ойлап таппақ болды.

76. Суреттегілерді тиісті орнына қойып, өлеңді оқы.

_______________  жаю керек,
_______________  шаю керек.
_______________  қию керек,
_______________  кию керек.

×
×

Cart