Мен не үйрендім?

1. Мәтінді оқы.

  Көне түркі тілінде «чаран» сөзі «арынды, тасқынды, екпінді, қарқынды өзен» дегенді білдіреді. Атау қойылған заманда бұл өзеннің ағысы қазіргідей баяу емес, тасқынды, қатты да арынды болған. Қазіргі уақытта өзеннің бұрынғы арнасы тік жарларға айналған. Оның әдемілігі Америкадағы шатқалдан да асып түседі.

«Сен білесің бе?» энциклопедиясынан

Сұрақтарға жауап бер:
1. Мәтінде қай өзен мен шатқал туралы айтылған?

2. Ол қайда орналасқан?

Қарамен жазылған сөздердің ішінен айтылуы мен жазылуында өзгешелігі барларын тауып, кестеге орналастыр.

2. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, көшіріп жаз.

  Қазақстан – біз… сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы желтоқсан… 16-сы – оның тарихындағы ұлы күн! Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасыр… бойы аңсаған арманы… жетті. Еліміз егемен мемлекет болды.

3. Қазақстан туралы кітаптар мен энциклопедиялардың көмегімен сұрақтарға жауап беріп көр.

4. Өзің тұратын жерге саяхат жасау картасын әзірле. Әр сұрақты жауаппен толықтырып жаз.

– Саяхаттауға қай жерге барасың?
– …
– Неліктен сол жерді таңдадың?
– …
– Ол жерге қай кезде барған қолайлы?
– …
– Саяхат несімен есте қалады?
– …

5. Сыныпта ана тілімізді құрметтеуді насихаттайтын апталық өткізу керек.
Оны қалай жоспарлауға болады? Сен қандай шаралар ұйымдастырар едің?

×
×

Cart