Дауыссыз қ мен ғ

23. Мәтінді тыңда.

  Бірде Серіктің достары мен олардың ата-аналары Дәрияның тұсаукесер тойына келді. Дәрия – Серіктің қарындасы.
  Тойға бірталай ағайын-туыс жиналды. Салт-дәстүрді біліп өссін деп, балаларын ерте келіпті. Араларында Алматыдан келген Серіктің тәтесі де бар.
  Қымбат апайды бүкіл республика жұртшылығы біледі. Ол – балалар жазушысы.
– Қымбаттың жолын берсін! Соған ұқсаса жаман болмайды, – деген көпшілік Дәрияның тұсауын жазушы апайларына кескізуге келісті.
  Баланың тұсауын кескені үшін Қымбат апайға Серіктің әжесі өз сыйлығын берді.  

Әли Ысқабаев

Орфографиялық Сөздік

тұсаукесер

•  Мәтін не туралы?
•  Мәтінге ат қой.
•  Серіктің достары қайда барды?
•  Тойға Алматыдан кім келді?
•  Қымбат апай туралы не білдің?
•  Егер сен Қымбат апаймен кездессең, оған қандай сұрақтар қояр едің?
•  Жұртшылық – жұртшылығы, сыйлық – сыйлығы сөздерін салыстыр.

24. Өлеңді көшіріп жаз.

Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның.

М. Қуанышбеков

•  Қарамен жазылған сөздерде қай дыбыс өзгеріске ұшыраған? Оның себебі неде деп ойлайсың?

Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: достық – достығы, атақ – атағы, құшақ – құшағы.

25. Ойын-жұмбақтардың шешуін тап.

Қармағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?

Құрығы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?

Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?

•  Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.

26. Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  Бір қозының ая…ы сынып қалған екен. Қайрат қозыны аяп, үйге алып келді. Атасы оның сыны…ын орнынасалды. Кейін қозының аяғы жазылды.

27. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді тақырып етіп алып, әңгіме құра.

28. Әңгіменің тақырыбына қарап, оның мазмұнын болжа. Содан соң әңгімені оқы.

Аурудан аяған күштірек

  Сейіт жол үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп, шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң Сейіт жыламақ түгілі қабағын да шытпай жатыпты. Сонда сынықшы кісі:
– Қабағыңды шытпайсың, аяғың ауырмай ма? – деп сұрапты. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, сынықшыға сыбырлап айтты дейді:
– Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр. Бірақ менің жаным қиналғанын көрсе, шешем де қиналып жүдемесін деп шыдап жатырмын, – депті.

Ыбырай Алтынсариннен

•  Әңгіме не туралы екенін айт.
•  Әңгімедегі негізгі ойды анықта.
•  Қ дыбысы ғ дыбысына айналған сөздерді тауып, оның себебін дәлелде.

29. Өлеңді көшіріп жаз.

Үйге келсе немерем,
Елпең қаға жөнелем.
Қылығына кенелем,
Қуанышқа бөленем.

•  Қарамен жазылған сөзге дыбыстық талдау жаса.

30. Бос торкөздерге әріптерді сан ретімен орналастырып, мақалды оқы.

•  Шыққан мақалды көшіріп жаз. Қ дыбысы ғ дыбысына айналған сөзді тап.

31. Біз сиыр фермасына бардық. Сен сиыр фермасындағы адамдардан сұхбат алуың керек. 
Сұхбат кезінде қоятын сұрақтарыңды алдын ала дайында. Бұл үшін төмендегі суретті пайдалан.

Орфографиялық Сөздік

ферма

32. Ойлан, тап.

Бірінші буыным – құс аты,
Екінші буыным – бояу түсі.
Біріктіріп оқысаң,
Ұлт аты боп шығамын.

×
×

Cart