Үшінші сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастыруға болады. Пайымдау мәтіні үш бөліктен құралады:
• бірінші бөлікте түсіндіруді, дәлелдеуді қажет ететін ой айтылады: Айболға мұғалім ескерту жасады.
• екінші бөлікте түсіндіру, дәлелдеу пікірі беріледі: Өйткені ол гүлді жұлып алып, мұғалімге ұсынды.
• үшінші бөлікте қорытынды пікір беріледі: Ол кінәсін мойындап, мұғалімнен кешірім сұрады.
Пайымдау мәтініне неліктен? сұрағы қойылады.