Мектептегi тәртiп ережелерiн
құрастыр амын
Сұраулы сөйлем

38. Мәтiннiң басын және соңғы бөлiгiн оқы.

   Аян сабақта отырып, қайта-қайта терезеге қарай бердi…
   Сабақ аяқталды. Аян далаға жүгiрiп шығып, бар дауысымен: «Мені шақырған кім?» деп айқайлады. Оған күн күлімдеді, оған кішкене құс әндетіп сайрады, оған қызыл шие сабағын иіп, жемісін ұсынды.

•  Мәтін не туралы? Оның негізгі ойы неде?
•  Қарамен жазылған сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Оның қандай сөйлем екенін айт.

39. Мәтінді түсініп оқы.

  Ақтелпек кемпірқосақтың суретін салғысы келді. Ол дереу ақ қағаз бен бояу қарындаштарын алып, сурет салуға кірісті.
  Кенет:
– Осындай кемпірқосақ бола ма екен? – деген біреудің дауысы естілді.
  Ақтелпек бұрылып қарап еді, ешкім көзіне көрінбеді. Ал қабырғаға күн сәулесі түсіп тұр екен.
– Амансың ба, балақай? Бұл менмін, Күн сәулесімін, сенімен сөйлесіп тұрған. Сен кемпірқосақты дұрыс бояған жоқсың.
– Қалай бояу керек екенін сен қайдан білесің?
– Себебі, кемпірқосақты жасайтын менмін.
– Сонда қалай? Сен ақсың, ол болса түрлі түсті ғой.
– Мен әншейін сырт көзге ғана ақ болып көрінемін. Ал шын мәнінде, менің бойыма бірнеше түс тоғысқан: қызыл, қызыл сары, жасыл, көк, көгілдір және күлгін.

«Негеш» кітабынан

•  Мәтіндегі сөйлемдердің тыныс белгісіне назар аудар. Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстыр.
•  Мәтіндегі сұраулы сөйлемдерді теріп жаз.

Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің досың кім?

40. Төмендегі сұрақтар негізінде парталасыңмен диалог құра.

1. Нешінші сыныпта оқисың?
2. Сабақтарың сағат нешеде басталады?
3. Сабақтан кейін не істейсің?

41. Суреттер бойынша бір-біріңе сұрақ қой.

42. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

Толқын кітапханадан кітап алды. Ол көп оқиды. Әжесіне ертегі оқып береді.

43. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстыр.

Шегене деген немене?
Соны білгің келе ме?
Шамалы, азды, шағынды
Бабалар* деген шегене.

Мұзафар Әлімбай

•  Өлеңдегі сұраулық мағынаны білдіріп тұрған сөзді тап.
•  Қарамен жазылған сөздің жазылуына назар аудар.
•  Баба сөзінің беретін мағынасын оқулық соңындағы түсіндірме сөздіктен қарап ал.

Сұраулы сөйлемдегі сұраулық мағынаны білдіретін сөз басқа сөздерге қарағанда көтеріңкі дауыспен оқылады.

  Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе өзінің алдындағы сөзден бөлек жазылады: Айгүл келді ме? Жауын басылып па?

44. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Кісіге қарап орынсыз күлме. 2. Сәуле келді ме? 3. Сабақтан кешікпе. 4. Айдос ауылдан келіп пе? 5. Ешқашан өтірік айтушы болма! 6. Қар қалың жауды ма?

•  Қарамен жазылған сөздерді салыстырып, өзің қорытынды жаса.

45. Сызба бойынша бір-біріңмен диалогке түс.

46. Аян өзінің қарындасы Мерейге өлең оқып отыр. Ал Мерей болса, өлеңдегі сұрақтардың жауабын таба алмай қиналуда. Мерейге көмектесейік. Ол үшін төмендегі өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқып, сұрақтардың жауабын түсіндірме сөздіктен іздейік.

Неге?

Бұлттар неге ауады?
Жаңбыр неге жауады?
Шағыл* неге көшеді?
Жарық неге өшеді?

Маса неге шағады?
Жұлдыз неге ағады?
Орман неге шулайды?
Теңіз неге тулайды?

Қадыр Мырза Әли

•  Өлеңнен сұраулық мағына беріп тұрған сөзді тап.

47. Мына жайттарды білу үшін сұраулы сөйлемдер құрап жаз:

– сабақтың басталатын уақытын;
– сыныптағы кезекшінің есімін;
– Асқардың сабаққа кешігу себебін;
– қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын.

48. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Лепті сөйлем мен сұраулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстыр.

Ақ терек, көк терек

– Ақ терек, көк терек,
Бізден сізге кім керек?
– Елгезек те тіл алғыш
Болса, сондай ұл керек!

– Ақ терек, көк терек,
Бізден сізге кім керек?
– Білімді де тәлімді
Болса, сондай ұл керек!

•  Өлеңнің жалғасын өзің айтып көр.
•  Бұл ойын саған ұнай ма? Ұнаса, үзіліс кезінде және дене-шынықтыру сабақтарында ойнап көріңдер.
•  Үзіліс кезінде ойнауға болатын тағы қандай ойындарды білесің?

49. Бағанның сол жағындағы көп нүктенің орнына тиісті сұрау мәнді сөйлемдер жаз. Екі бағандағы сөйлемдердің бір-бірінен өзгешелігін дәлелде.

……….. ? 
……….. ? 
……….. ? 
……….. ? 

Өскенде ұшқыш болғым келеді.
Ұшқыш болу үшін батыл болу керек.
Мен сурет салғанды ұнатамын.
Әбілхан Қастеев сияқты суретші болғым келеді.

50. Жұмбақты көшіріп жаз. Шешуін тап.

Мойыны – сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы?

•  Жұмбақ шешуіндегі құсты сипаттап жазып көр.

×
×

Cart