Өлең құрастырып, каллиграмма
жасаймын
Сөйлемдегі сөздердің байланысы

20. Әңгімені мәнерлеп оқы.

  Бейбіт бақша ішінің балшығын бейберекет шашып, қопарып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан бір қария:
– Әй, балам, Жерді мұнша неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сені асыраушы анаң ғой,– деді.
  Балшықты анаң дегеніне аң-таң болған Бейбіт:
– Менің анам үйде, аты – Зейнеп, – деді.
  Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңілі жайланған соң Бейбіттің есіне қарияның айтқаны түсті.
– Апа, – деді ол, – мана бір шал маған жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң деді, ол не дегені?
– Сен не дедің? – деп сұрады Зейнеп.
– Менің анам үйде дедім.
– Балам-ай, неге осынша кір, балшық болып келгеніңді енді білдім. Ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер – бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.

Қайыржан Сәрсекеев

•  Мәтіннің мазмұнын айт.
•  Мәтінге ат қой.
•  Неліктен «Жер – біздің анамыз» деді деп ойлайсың?
•  Қарамен жазылған сөйлемдегі сөздердің байланысын тауып көр.

Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.

21. Мақалды көшіріп жаз.

Диқаншы жерін мақтайды,
Балықшы көлін мақтайды.

•  Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.

Ү л г і : – Диқаншы не істейді?
            – Диқаншы мақтайды.
            – Несін мақтайды?
            – Жерін мақтайды.

22. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлең құрастыр.

Тырс-тырс!
Жаңбыр көп жауады,
… тамады.
Тырс-тырс!
… қағады,
… ағады.
Тырс-тырс!
… ауаны,
… көп жауады.

Ермек Өтетілеу

•  Қарамен жазылған сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.
•  Осы өлең мазмұны бойынша Асан төмендегідей каллиграмма жасады.

•  Сен де каллиграмма жасап көр.

23. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Аңсаған қыс келді,
Жауды көп ақша қар.
Өзгеше түске енді
Жайқалған бақшалар.

Төсі де даланың
Жұп-жұмсақ ақ мамық.
Аңсаған қыс келді,
Аяз боп жанары.

Ақындар жыр еткен,
Таң қылған бар жанды.
Ғажайып қыс неткен,
Мол сепкен маржанды!

Т. Шаханов

•  Өлең не туралы? Оған ат қой.
•  Өлеңдегі қысты бейнелейтін сөздерді тап.
•  Тапқан сөздеріңді пайдаланып, өзің өлең құрастыр.
•  Құрастырған өлеңіңнен каллиграмма жаса.

24. Жұмбақты көркемдеп жаз. Шешуін тап.

Аспаннан ақ ұлпа борады,
Қырқаны сейсепке орады.

•  Қарамен жазылған сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

25. Берілген сөздердің ішінен табиғатқа қатысты сөздерді тап.

•  Тапқан сөздеріңнің қайсысы мына сызбадағы сөздерге сәйкес келетінін анықта.

•  Өзіңе ұнаған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

26. Мақалды оқып, жатқа жаз.

Ағын су арнасын табады.

•  Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
•  Мақалдың мазмұнын түсіндір.

27. Өлеңнің ұйқасын тап.

Аяз қысып,
Өрнек …
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Бет …


Сырғанап жастар …
Кейде ұлып,
Кейде …
Ұйтқып боран соғады.

Шеген Ахметов

К е р е к т і  с ө з д е р : сызып, домбығып, ойнайды, ысқырып.

×
×

Cart