Тыныс белгілері

· Тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеуді;
· тірек сөздердің көмегімен мәтін мазмұнын айтуды үйренемін.

Тілімізде 10 тыныс белгісі бар:

сұрау белгісі [?]
леп белгісі [!]
сызықша [–]
жақша [( )]
тырнақша [«»]

  Ең көне тыныс белгісіне нүкте жатады. Нүкте ертедегі қолжазба ескерткіштерінде кездеседі.

1. Тыныс белгілердің қолданылу ерекшелігін естеріңе түсіріңдер:

а) Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
ә) Сөйлемнің ортасында қандай тыныс белгілер кездеседі?
б) Сөйлемнің алдына қандай тыныс белгісі қойылады?

2. Өлеңде нүкте өзі туралы не айтқан?

Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес, оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орнында тұрам.
Тиянақты ойдың біткенін білдірем,
Сөйлем соңына таман
Даусыңды бәсеңдетіп үлгірем.
Маған кідіріп дем аласың,
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын?!

«Қызықты грамматика» кітабынан

Басқа тыныс белгілері туралы материал табыңдар немесе солардың бірінің атынан өз әңгімелеріңді құраңдар.

3. «Әдебиеттік оқу» кітабына зерттеу жүргізіңдер. Бір өлеңді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер:

Өлеңде қандай тыныс белгілері қолданылған?
Қай тыныс белгілері көп?
Бұл өлеңде тыныс белгілердің қандай қызмет атқаратыны туралы ой бөлісіңдер.

4. Өзіңе ұнаған тақырыпқа хабарлама жасауға дайындал:

Ο «Тыныс белгілер не үшін қажет?»
Ο «Тыныс белгілерге мадақтау сөз».
Ο Хабарламаңды сыныпта жасауға дайындал.

×
×

Cart