Сөйлем мүшелері

· Сөйлем мүшелері туралы еске түсіремін.

1. Суретке мұқият қара.

  Өз отбасың туралы бірнеше сөйлем құрап айт. Отбасының басында кім тұрады және оның мүшелері кімдер?

  Сөйлем құрамындағы сөздердің қызметі де отбасына ұқсайды. Сөйлемнің басында бастауыш тұрса, соңында баяндауыш тұрады. Олар тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі ойды толықтырып тұрады.

2. Кестені ауызша толтыр.

Сөйлем мүшелері туралы айт. Мысал келтір.

3. Мақалды оқып, жатқа жаз.

Ойлаумен ой толады,
  Ойнаумен бой толады.
Сөйлем мүшелеріне талда.
Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

4. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзбен екі сөйлем құрап жаз. Ол сөз бірінде бастауыш, екіншісінде баяндауыш болсын.

Бір сөздің екі сөйлемде екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқару себебін түсіндір.

Екінші сөйлемде сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

5. «Мұражайда» тақырыбына берілген сызба бойынша әңгіме құрап жаз.

6. Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Мәңгілік ел» қақпасы туралы әңгіме құрастыр.

  Тірек сөздер: «Мәңгілік ел» тәуелсіздік қақпасы, монумент, сәулет, «Отан-ана», «Әйел-ана» мүсіні, «Ақсақал» мүсіні, тұрақтылық, «Тайқазан» мүсіні, қонақжайлылық.
Жоспар:
1. Қақпаның жалпы көрінісі.
2. Қақпадағы мүсіндер.
3. Қақпаның маңызы.

×
×

Cart