Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

· Берілген сурет арқылы мәтіннің мазмұнын болжай аламын.
· Мәтіннен күрделі мүшелерді табуды үйренемін.

12. Суреттерде не бейнеленген? Ол қай қалада орналасқан? Сұрақтарына берген жауабыңның дұрыстығын дәлелде.

13. Мәтінді мұқият тыңда.

  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – көне сәулет ескерткіштерінің бірі. Ол бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Кесенені салуға Әмір Темір бұйрық берген. Кесене жамағатхана*, қабірхана*, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана* және бірнеше құжыра* бөлмелерінен тұрады. Жамағатхана ортада орналасқан. Оның күмбезге* дейінгі биіктігі отыз алты метрге жетеді. Қабырғалары биік, үлкен шаршы бөлме. Кесене ішінде үлкен Тайқазан* бар. Тайқазан – бірлік пен қонақжайлылық белгісі. Оның диаметрі екі метрден асады, салмағы – екі тонна.

«Қазақстанның жеті кереметі» кітабынан

Мәтіннің алғашқы үш сөйлемін көшіріп жазып, ондағы сөйлем мүшелерінің қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін анықта.

14. Төмендегі графикалық модельді басшылыққа алып, ішінде күрделі мүшесі бар сөйлем құра.

15. Дара және күрделі мүшелерді соларға сай келетін сөйлемдермен сәйкестендір.

 Ο Дара мүше

Ο Күрделі мүше

Ο Бала орманға барды.
Ο Болат қағаздан кеме жасады.
Ο Көшеттерді суаруға он бір бала бөлінді.
Ο Қызыл ала көбелек гүлге қонды.
Ο Орман желмен тербеледі.

16. Келесі беттегі суреттерге қара. Қайсысы табиғи мұраға, қайсысы мәдени мұраға жатады?

Оқы.
  ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына Қожа Ахмет Ясауи ескерткіші мен Сарыарқа табиғи қорынан басқа Қазақстанның 33 тарихи нысаны енді.
Дереккөздерден бүкіләлемдік мұра нысаны болып табылатын Қазақстанның тарихи ескерткіштері туралы ақпарат тауып, тізімін жаса.

×
×

Cart