Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

· Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табуды үйренемін.

22. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Оларды
санамалап оқы. Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?

  1. Біз Абайдың қарасөздерін, өлеңдерін оқимыз. 2. Айша, Жанар, Сәуле – үшеуі дос. 3. Жел дүрілдейді, ысқырады (Б. Майлин). 4. Ләйлә үйге барсын, тынықсын.

23. Сөйлемдерді оқы. Сызбаларға қарап, бірдей сұраққа жауапберетін сөздер
сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқаратынын байқа.

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз. Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады: Әсем демалыс кезінде көрмеде, мұражайда, театрда болды.
  Сөйлемде бірыңғай мүшелер санамалап оқылады.

24. Өлеңді көшіріп жаз.

Байқоңырым – байлығым,
Биіктеткен бағамды.
Тоқтар, Талғат, Айдыным –
Ғарышкерлер табанды.

Бекжан Көпбосынов

Бірыңғай мүшелердің астын сыз. Олар сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айт.
Өлеңнің мазмұнын айт.

25. Бірыңғай сөзінің мағынасына мән бер. Бұл сөз нені білдіреді деп ойлайсың?

Бірыңғай мүшелердің бір-біріне ұқсастығы неде?
Бірыңғай мүшеге өзің мысал келтіріп, дәлелде.
Дәлелдеп үйрен:

26. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелерді тауып, олардың бірыңғай мүше екенін дәлелде.

  Ұлықбек – Әмір Темірдің немересі. Ол жастайынан поэзияға, философияға, тарихқа, астрономияға құштар болады. Ұлықбек Платон, Аристотель, Птолемей сияқты грек ғалымдарының еңбектерімен ерте танысады. Орта Азияның ұлы ғұламалары әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн Сина, Насырад-дин Туси еңбектерін жете меңгереді.

«Шығыстың ұлылары» кітабынан

  Дәлелдеу үлгісі: Ұлықбек жастайынан поэзияға, философияға, тарихқа, астрономияға құштар болады деген сөйлемдегі поэзияға, философияға, тарихқа, астрономияға сөздері бірыңғай мүше болып табылады. Өйткені бұлар неге? деген бір ғана сұраққа жауап береді, бәрі де құштар болады деген баяндауышқа қатысты болып тұр.

27. Өлеңді оқы.

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз…
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.

 

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.

Абай

Өлеңдегі негізгі ойды анықта.
Адам болу үшін бес асыл қасиеттің рөлін, бес жаман істен аулақ болудың мәнін қалай түсінетініңді ортаға сал. Өз пікіріңді білдіруде тақырыпқа байланысты төмендегі мақал-мәтелдерді қолдануды ұмытпа.

Өлеңнен бірыңғай мүшесі бар сөйлемдерді тауып жаз.

28. Көп нүктенің орнына тиісті бірыңғай мүшелерді қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Абай – ақын. Ол жастарды …, …, … болуға шақырды. Оны бүкіл дүниежүзі біледі.
Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесі екенін айт.
Бірінші, үшінші сөйлемдерді бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерге айналдырып жаз.

28. Көп нүктенің орнына тиісті бірыңғай мүшелерді қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Гүл секілді
Қызарады, көктейді.
Күн секілді,
Бірақ нұрын төкпейді.

Бірыңғай мүшені тап. Оның сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айт.

30. Торкөздерде жасырынған өлең шумағын тауып жаз. Өлең шеңберге алынған «Т» әрпінен бастап оқылады.

31. Мәтінді оқы.

Абай мен Жанқұтты шешен

  Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйіне келеді. Ол кез Абайдың жас шағы екен. Абай:
  – Ата, сізден бір сұрақ сұрауға бола ма? – дейді.
  – Е, шырағым, сұрай ғой, – депті Жанқұтты шешен.
  – Ата, арзан не, қымбат не, дауасыз не? Соны білейін деп едім, – депті Абай.
  – Шырағым, Абайжан, арзан – өтірік, қымбат – шындық, ал дауасыз деген ол кәрілік емес пе? Жанарыңның оты бар екен – ақындығың шығар, маңдайың жазық екен – ойлылығың шығар, халқыңның қалаулы азаматы бол, – деп Жанқұтты батасын беріпті.

Ел аузынан

Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықта.
«Арзан – өтірік, қымбат – шындық» деп неліктен айтты? Өз ойыңды білдір.

32. Пішіндер арқылы сөзді тауып оқы. Шыққан сөйлемді жаз.

33. Көп нүктенің орнына тиісті бірыңғай мүшелерді қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Абай – ұлы ақын. Ол – өте …, … адам. Оны бүкіл дүниежүзі біледі.

34. Өлеңді ма, па, та, те, да, мен арқылы бірыңғай мүшелерді байланыстыр және мәнерлеп оқы.

Қаңғырған қаңбақсың,
Кімге тұлға болмақсың?
Күні … түні
Ұшарыңды жел біліп,
Қонарыңды сай біліп,
Сайран салып жүргенің.

Ал біздің
Жиғанымыз дән,
Айналамыз толған ән.
Абырой …, даңқ …,
Барлығы осы егісте.

Бидайдың сөзі осымен бітті,
Қаңбақ жөніне зытты.
Дұрысын айтқан
Бидай …, Қаңбақ …?
Оны өздерің салмақта.

Асқар Тоқмағамбетов

35. Өлеңді нақышына келтіріп оқы.

Жау, жау, жаңбыр, тағы да,
Дала, тауға көрік бер.
Менің еккен бағымда
Өссін жүзім, өріктер!

Бірыңғай мүшелерді тап.
Бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне назар аудар. Одан не байқадың?

  Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана жалғанады: Өзендер, көлдер – жердің берекесі. Өзен, көлдер – жердің берекесі.

36. Мәтінді тиісті тыныс белгілерімен толықтырып жаз.

  Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл ғылым ар мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық.

Абай

  Бірыңғай мүшелердің астын сыз.

37. Өлеңді оқып, мәнін түсініп ал.

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын білуге
Көкірегінде болсын көз.

Абай

Бірыңғай мүшелерді тауып, олардың бірыңғай мүше екенін дәлелде.

38. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Серік пен Сәкен театрға бірге келді. 2. Орманда аю, түлкі, қасқыр және сілеусіндер кездеседі. 3. Олардың бақтарынан алма, алмұрттың, шие мен шабдалының неше түрін кездестіресің. 4. Күндіз де, түнде де қар жауды.
  Бірыңғай мүшелерді тап. Олардың арасына қандай жағдайда үтір қойылмағанын байқа.
  Мен, бен, пен, және, де арқылы байланысқан бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін тауып, қорытынды жаса.

39. Суретке қара және суреттен кейін берілген сөйлем тобын оқы.

  Әке мен бала келе жатып жолда жатқан ескі тағаны көреді. Баласы тағаны жерден көтеріп алуға ерінеді. Әкесі тағаны алып, темірші ұсталарға үш тиынға сатады. Алған ақшасына шие сатып алады. Баласына бермей, өзі жеп, бір-бірден жерге тастап отырады. Баласы түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді. Әкесі баласына ақылын айтады.

Ыбырай Алтынсариннен

Сөйлемдердің қайсысы сурет атауы бола алады? Қай сөйлемдер оның мазмұнын беріп тұр?

40. Мәтінді тыңда.

Он тоғызыншы сөз

  Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Абай

Мәтіннің негізгі тұсын белгілеп ал. Сол бойынша мәтін мазмұнын айт.
Мәтін мазмұнын топта талқылаңдар.
Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тап.

41. Өлеңді көшіріп жазып, тыныс белгісін қой.

Матай Мақан
Алтай Ақан
Жантай Жақан
Қаныш ағам бар:
Қанша ағам бар?

Өлеңдегі сұраққа жауап бер.

42. Сызба бойынша бірыңғай мүшелері бар сөйлем құрап жаз.

43. Сөйлемдерді құрамындағы сөйлем мүшелеріне қарай сәйкестендір.

  1. Бүгін жаңбыр жауды.

  2. Қорықпаймын енді мен аңызақ желден, бораннан.

  3. Түні бойы аяз қаһарына мінді.

  бірыңғай мүшелі

  күрделі мүшелі

  дара мүшелі

44. Төмендегі сұрақтарға жауап бер, тапсырмаларды орында.

  1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  2. Тұрлаулы мүшелерді ата.
  3. Сөйлем мүшесінің құрамына қарай бөлінетін түрлерін ата және әрқайсысына мысал келтір.
  4. Бірыңғай мүше деп қандай мүшені айтады? Оның күрделі мүшеден өзгешелігі неде?

45. Ойлан, тап.

  Бөлмеде бір топ бала отыр. Олар көрме ұйымдастырып, сөз жарысын жүргізуде.
  – Қазақтың ұлы жазушысы кім? – деп сұрады Еркінжан.
  – Абай, – деп жауап қатты Әлихан.
  – Дұрыс, бірақ ол ұлы ақын ғой, – деп келіспеді Талғат.
  Олар ұзақ дауласты. Ақыры, жауабын мына сурет арқылы шешті.
  Сөредегі кітаптарды ұлы жазушының фамилиясы шығатындай етіп орналастыр.

×
×

Cart