Мен және қоғам

Біз қоғам деген не, адамдардың қоғаммен
қандай байланыс жасайтынын оқып-үйренеміз.

   Суреттегі адамдар қандай еңбек түрімен айналысуда? Оның қоғамға қандай пайдасы бар?

Егер қоғам мүшелері еңбек етуді тоқтататын болса, не болатынын талқыға салып көріңдер.

    Қай жерге барсаң да сенің айналаңда адамдар болады. Үйде туысқандарың, автобуста жолаушылар, мектепте достарың мен сыныптастарың.

    Қала мен ауыл тұрғындарының әдет-ғұрпында, мінез-құлқында ортақ белгілері бар. Олар бірге жұмыс істейді, оқиды, демалады, бір-біріне көмектеседі.

1.Сенің мектептен білім алатын орның қоғамға жата ма?

2. Қоғамды сен қалай елестетесің, әңгімелеп бер.

     Қоғамда адамдар бір-біріне көмек жасай білуі керек. Бұл қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы. Сен де адамдарға өз пайдаңды келтіре аласың. Еңбектенбей-ақ айналаңда тазалықты сақтай аласың. Қалай, түсіндіріп көр!

1. Қоғам мүшелеріне кімдерді жатқызуға болады?

2. Олар бір-біріне қандай көмек жасай алады?

3. Қоғамға бүгін қандай көмек бергеніңді білесің бе? Қандай көмек бере аласың?

Әр адам қоғамның белгілі бір мүшесі. Кез келген қоғамның негізгі тәртібі бір-біріне деген құрмет.

Адам қоғамға пайдалы іс істеп, өзінің және басқалардың заттарына ұқыптылықпен қарай білуі керек.

×
×

Cart