Сыпайылық

Біз сыпайылық қасиеті жайлы оқып танысамыз.

Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстаудың белгілі бір ережелері сақталады. Оны – этикет немесе әдеп дейді.

Әдептің көп ережелерін сен күнделікті сақтап жүрсің.

Ол:

– қоғамдық көліктерде үлкен адамдарға орын беру;

– қарт адамдардың жолдан өтуіне көмектесу;

– бөлмеге үлкен адам кіргенде, орныңнан тұру.

Сыпайылықты сақтай білетін адам айналасына еш қиындық туғызбайды. Ондай адамның мәдениеті жоғары саналады.

Адамның бойында көптеген «асыл қасиеттер» болады екен. 

Не себепті бұл қасиетті «асылға» бағалайды?

Берілген жағдайды досыңмен жұптасып ойнап көр:

• Кітапханадан қызықты кітап алғың келе ме? Кітапханашыға не айтар едің?

• Қарт адамдарға сен орын бересің бе? Ондай жағдайда қандай сөздерді айтар едің?

• Қоғамдық орындарда сақталатын ережелер тізімін жаса.

• Суретке қара, кімдер әдеп тәртіптерін дұрыс сақтай білді? 

Оларды әдепті адамдар деуге бола ма?

Cұхбаттасушы адамның сөзін әр уақытта әр көңіл қойып тыңда. Сыпайылық пен мейірбандық ізетін білдір. 

Сөйлескенде жағымды дауыспен нақты көзқарасыңды білдір. 

Үнемі сыпайы, әдепті болудың «асыл қасиеттерін» есіңде ұста!

×
×

Cart