Менің достарым

Біз достықтың ең асыл қасиеті жайлы білетін боламыз.

1. Сенің достарың бар ма?

2. Олармен сен бос уақытыңды бірге өткізесің бе? Қалай?

3. Достықтың қандай жақсы қасиеттерін білесің?

Достықтың ең бағалысы – бір-біріне сыйластығы, келісімі мен көмегі.

  Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің.

 Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

Мақалдың неге бұлай айтылғанын ойлан. Өз жауабыңды түсіндір.

Өзіңнің достарың жайлы әңгімеле. 

Олар нені жақсы көреді? Олардың мінез-құлқы қандай?

      Адал дос еш уақытта досын сатпайды. Ол тіпті сені ренжітпеуге де тырысады. Нағыз досыңа өзіңнің қиналысың мен ойыңды айтып бөлісуге болады. Өйткені оған сенуге болады.

1. Кей адамды дос болуға мәжбүрлеген дұрыс па?
2. Ондай адаммен өз ойыңды бөлісіп сырласуға бола ма?

      Арман достарын туған күніне шақырды. Міне, олар!

Суреттегі отбасылар жайлы не айтасың?

1. Балалар Арманның үйінде қонақта болғанда қандай ойындар ойнайды?

2. Ойындардың қандай түрлері ұл балаларды, қандайы қыздарды қызықтырады?

3. Достар арасында тағы қандай істермен айналысуға болады?

×
×

Cart