Менің құқығым және міндетім

Біздің қандай міндеттеріміздің барын, жауапкершіліктің қандай болатынын білеміз.

 Құқық деген не?

Ата заң не үшін жазылды?

 Міндет деген не? Оның орындалуына

кімдер қамқорлық жасайды?

   Әр адамның өз құқығы және атқаратын міндеті бар. Яғни әр мемлекетте тұратын азаматтар өздерінің құқығы мен міндетін сол елдің Конституциясынан оқып таныса алады. Оны елдің Негізгі Заңы деп атайды. Ол әр азаматтың орындайтын міндеті.

Құқық – бұл Қазақстанның әр азаматына берілетін мүмкіндік.

Міндеттерді – әр азамат орындауға тиісті.

    Азамат – бұл сол жердегі тұрғылықты елдің адамы. Азамат тиісті заңға қатысты міндетін орындап, құқығын пайдалана алады. Мемлекет өз азаматтарының құқығын қорғай алады.

Әр жасөспірімнің өз құқығы бар:

  • өмір сүруге;

  • ата-ананың қамқорлығында болуына;

  • денсаулығын сақтай білуге;

  • тегін оқып, білім алуына.

Өз құқығыңның орындалуына қорытынды жаса. Сен өз міндетіңді атқарып жүрсің бе? Әр адамның міндеттерімен таныс:

– әр азамат Отанын қорғауға міндетті;

– айналасындағы табиғатты қорғауға міндетті;

– тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауға міндетті;

– әр адам өз істеріне жауапкершілікпен қарауға міндетті.

Жауапкершілік – бұл кез келген адамның қоғамдағы атқарып жүрген өз ісіне деген тәртібі.

1. Сенің тағы қандай міндеттерің бар? Мысалдар келтір.
2. Өз ісіңе жауапкершілікпен қарау дегенді қалай түсі-несің?
Өмірден мысалдар келтір.

  Басқа да адамдардың құқығын құрметте! Міндетсіз құқықтың да болуы мүмкін емес екенін есіңнен шығарма!

×
×

Cart