Мен не үйрендім?

1. Монологті мұқият тыңда.

  Күй қадірін кім білген? Тыңдадым. Ұққан сияқтымын. Бірақ көкірегіме құя алмадым. Домбыра қонбай қойды маған. Не істемеді дейсіз. Қай пернеден соң қай пернені басу керегін, қай тұста неше рет қағу қажетін жаттап та көрдім. Бір жаттайсың. Екі жаттайсың. Қашанғы жаттай бересің. Басыма шелпек жастап, қойныма домбыра алып ұйықтап та көрдім. Менің түсіме домбыра да, шелпек те кірмеді. Әйтеуір сол күні өзіме домбырашылық өнердің ешқашан дарымайтынына нақ сеніп ояндым…

Мұхтар Мағауин

Сұрақтарға жауап бер.
1. Автор не тыңдады?
2. Домбырашы болу үшін не істеді?
3. Қалай ойлайсың, ол домбырашылық өнерді таңдады ма? Таңдамаса, неліктен таңдамады?
Ойыңды дәлелдеу үшін керекті сөз тіркесін таңда.

  • Ойыңды дәлелдеп жаз. Жазғаныңды парталас сыныптасыңа оқып бер. Оның жазған жұмысына пікір білдір. Қате кездесті ме? Оны қалай түзетуге болады?

2. Жоғарыдағы мәтіннен сызбаға сәйкес сөйлемдерді тауып жаз.

Сөйлем мүшелеріне талда. Қайсысы дара, қайсысы күрделі мүше екенін айт. Тиісті сызықтармен сыз.
Бұлар сөйлемнің құрылымына қарай қандай түрлері? Ойыңды дәлелде.

3. Мәтіннен сызбаға сәйкес бірыңғай мүшелері бар сөйлемді тап.

Бірыңғай мүшенің күрделі мүшеден өзгешелігі неде? Анықтамалықтан сұраққа жауап болатын мәлімет жина.

4. Мақаланы оқып, бөліктерін қалпына келтір

  Қала орталығында орналасқан өлкетану мұражайы бүгінгі күннің талабына сай безендірілген. Мұражайда өте көп тарихи жәдігерлер сақталған. Мұражай қызметкері әр экспонаттың ерекшелігіне тоқталып, қызықты ақпараттар берді. Оның әсіресе «Алтын адам» туралы айтқан ақпараты балаларды қатты қызықтырды. Туған табиғатымыздағы түрлі аң-құстардың қатырылған бейнесін кәдімгі тірі аң- құстардан ажырату бізге қиынға соқты.
  Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында 4 «А» сынып оқушылары өлкетану мұражайына барды.
  Балалар мұражайдан көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Әрқайсысы көргендерімен бөлісуге асықты.
Мұражайда қашан және кіммен барғаныңды, не көргеніңді айтып, мақала жаз. Жазған мақалаңды сыныптастарыңа оқып бер.

×
×

Cart