Отан үшін аянба

Біз қоғамға қызмет жасаудың не екенін оқып танысамыз.

 Сабақтың тақырыбына мән бер.

Бұл сөйлемнің мағынасын қалай ұқтың?

Отан деген не?

Табиғат пен адамды Отан деп атауға бола ма?

Өз елін сүйетін адамды қалай атайды?

Өз еліне деген сүйіспеншілік пен махаббатты қалай

білдіреді?

    Сен «Отан» деген сөзге туыстас сөздерді кезіктірдің бе? Туысқандар, туғандар, халық деген сөздерде туыстық ұғым ба? Ол бір елдің, бір Отанның адамдарынбіріктіретін түсінік.

Суреттегі тұлғалардың еңбегі жайлы айтып көр.

Олардың қоғамдағы ісі жайлы не білесің? Зерттеп көр.

Абай Құнанбаев
Ыбырай Алтынсарин
Қаныш Сәтбаев
Бауыржан Момышұлы

    Туған Отаны үшін аянбай арпалысқан қаһарман перзенттерін халық шексіз сүйіп, құрметтейді.

    Б. Момышұлы аталарың бала күнінен оқуға зерек, әсіресе математикаға жүйрік болды. Сонысымен болар Мәскеу түбіндегі Ұлы Отан соғысында солдаттарды сыннан өткізіп, ерлікпен шайқасуға баулыды. Б. Момышұлы – қазақ халқының аңызға айналған ұлы. Ол Ұлы Отан соғысының батыры әрі атақты жазушысы.

  Сендер ерікті жастар жайлы естідіңдер ме?

Олардың қатарына қандай адамдар жатады?

     Қазір қоғамда жастар жиі жиналып, шешімін таппаған мәселелерді шешуге көмектеседі. Оларды еріктілер (волонтерлер) деп атайды. Еріктілер адамдарға өз жүрек қалауымен барып көмектеседі.

Қоғамға қызмет ету қандай нәтиже береді?

Сен қоғамға қызмет етуді неден бастар едің?

×
×

Cart