Біздің сынып

Біз сынып ұжымы жайлы білеміз. Олармен қарым-қатынас жасауды үйренеміз.

Сынып – бұл оқушылар ұжымының білім алатын бөлмесі.

 Ұжым деген не? Сенің достарыңды ұжым деп атауға бола ма?

Ұжым деп – қызығушылықтары бір болатын топтағы адамдарды айтады. 

Олар бірлесіп жұмыс жасап немесе оқу оқиды.

1. Сенің сыныбыңды сынып ұжымы деп атауға бола ма? Неге? Ал отбасы деп ше?

2. Ахуал үстіндегі жағдайды талқыла. Бұл оқиғадан шы-ғудың жолын ізде.

1. Сабақ енді ғана басталды, бір оқушы сөмкесіндегі заттарын шашып алды. Мұндай жағдайда сен өзіңді қалай ұстар едің?
2. Сәкен сырқаттанып қалып, сабақ босатты. Сол себепті бақылау жұмысын орындай ал- мады. Сыныптасы Әлия оған қандай көмектен бас тартты?

Сыныптастар – олар бір сыныпта бірге оқитын оқушылар.

  Сыныптас оқушыларды қандай жағдайлар байланыстырады?

       Сыныптастар бір-бірінің сабақтарына да көмектеседі. Олар үй тапсырмаларын бірге орындайды, бос уақыттарын бірге өткізеді. Қандай іс болмасын бірге атқару сынып оқушыларын біріктіреді.

Сынып ұжымындағы заңдылықтарды білесің бе?

       «Сынып өміріндегі заңдылықтар»

1. Құрметтеу заңы. Адамды сыйлай білу қасиетің жоғары болса, олар да сені сыйлайды.

2. Достық заңы. Өмірде кездесетін қиыншылықтарды жалғыз орындау қиынға соғады. Ондай жағдайда

саған досың көмекке келе алады.

3. Батылдылық заңы. Батыл болу өзіңе деген сенімділіктен туады. Кедергілерге мойыма!

4. Сүйіспеншілік заңы. Сен айналаңдағыларға сүйіспеншілікпен қарай біл. Олар: сенің Отаның, ата-анаң, достарың.

Оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды.

5. Мейірімділік заңы. Мейірімділік – бұл күш. Үлкен күш иесі болғанға қорықпа, адамдарға мейірімділік сыйлай біл.

6. Қайырымдылық заңы. Сенің қасыңда көмек күтетін адамдар болуы мүмкін. Қайырымдылық жасай біл.

7. Еңбексүйгіштік заңы. Еңбексіз өнім өздігінен келмейді. Сондықтан еңбекті сүй.

×
×

Cart