ҰЖЫМДЫҚ КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАЙМЫЗ

     Көлемді композиция жазықта, яғни қағаз не қатырма қағазға орындалған жұмыстардан ерекшеленеді. Оны жан-жағынан қарауға болады. Онда заттар бір-бірінен әртүрлі қашықтықта орналасады.

Өзіңнің айналаңнан көлемді бейнелерден тұратын композицияларға мысалдар келтір.

      6–8 адамнан тұратын топқа бірігіңдер. Ұжымдық композицияға ортақ тақырып таңдаңдар. Ол «Хайуанаттар бағы», «Құстар ауласы», «Үй жануарлары» және т.б. болуы мүмкін. Одан соң кім не істейтінін бөліп алыңдар.

1. Балалардың мүсіндеген жануарларына қара.
2. Олар қандай пішіндерді пайдаланған?

      Ұжымдық композиция жасау үшін өлшемі 50х50 см қалың қатырма қағаз парағы керек. Оның бетіне жасыл түсті қағазды желімдеңдер. Хайуанаттар бағына қандай жануарлар кіретінін талқылаңдар. Жануарлар мен өсімдіктерді, тас, хауыз, көпірді кім бейнелейді? Өсімдіктерді түсті қатырма қағаздан қиып алып, желімдеуге болады. Композицияның бөліктері дайын болғанда, оларды қатырма қағазға орналастырыңдар. Берік тұруы үшін желімдеңдер.

×
×

Cart