ҚАРАМА-ҚАРСЫ КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРАМЫЗ

    Геометриялық денелерден құрылған композицияларға қара. Біріншісінде сүйір қырлары жоқ жұмсақ денелер (сопақ және дөңгелек),екіншісінде қатты денелер (үшбұрыштар) бейнеленген. Пішіндерөлшемі жағынан шамамен бірдей.

     Ал енді үшбұрыш, доғал мен дөңгелек аралас орналасқан үшінші композицияға назар аудар. Үш композицияның қайсысында қарама-қарсы қатынастар пайдаланылған? Олардың қайсысы әсерлі көрінеді? Жауабыңды түсіндір.

     Композиция құрастыру үшін саған өлшемі 30×30 см ақ қағаз, түрлі түсті қағаз, күңгірт түсті қалың қағаз, қайшы, сызғыш, желім керек.

ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Түрлі түсті қағаздан дөңгелек, сопақ, үшбұрыштарды өлшемдерін әртүрлі етіп қиып ал.
2. Ерекше композиция шығу үшін оларды ақ қағаздың бетіне қой. Одан соң ұқыптап желімде.
3. Композицияны күңгірт түсті қағаздың бетіне жапсыр. Бұл – сенің жұмысыңның жақтауы.
     Алуан түрлі пішіндер бір-бірінің ерекшелігінайқындай түседі.Қарашы, үшбұрыштардың жиегі сүйірленіп, ал дөңгелек пен сопақ пішіндер жұмсағырақ әрі нәзіктеу көрінеді.

П. Сезанн. Пьеро мен Арлекин

М.Сарьян Лимонад сатушы

А. Мұратбаев. Қарбыздар мерекесі

Р.Лихтенштеин Әлем қызметіндегі химия

1. Мына туындылардан қандай қарама-қарсы қатынасты көріп тұрсың? Оларды ата.
2. Туындыларды қай түстер әсерлі етіп көрсеткен деп ойлайсың? Жауабыңды түсіндір.

×
×

Cart