Мектептегі өмір

Біз мектептегі қауіпсіздік ережелері жайлы білеміз.
Ондай жағдайлардың алдын алу жолдарымен танысамыз.

 Мектеп – бұл сенің білім мен тәрбие алатын оқу орның, білім ордасы.

Мектепте қандай сынып бөлмелері болатынын сыныптас досыңмен еске түсір.

    Мектеп өмірі – қатаң тәртіп пен күнделікті ережелердің сақталуына бағынады. Мектептегі барлық тәртіптің сақталуына, оқушылардың қауіпсіздігіне де мектеп басшылығы жауапты. Оған орынбасарлар, мұғалімдер, дәрігерлер, күзетшілер және т.б. адамдар көмектеседі. Әркімнің атқаратын өз міндеттері бар.

 Мектеп қызметкерлері қандай қызмет атқарады?

     Әр сабақтан кейін 5–10 минуттық үзіліс бола- ды. Оқушылар уақытымен үзіліске шығады. Үзіліс кезінде олар мектеп ауласында таза ауа жұтып дема- лады. Арнаулы үлкен үзілістерде мектеп асханасынан тамақтанады.

 Оқушыларға үзіліс не үшін беріледі? Үзіліс кезінде өзіңді қалай ұстауың керек?

  Үзіліс кезінде мектеп іші мен ауласында жүгіруге, айқайлауға, бір-бірін итеруге де болмайды. Мұндай жағдайлар сәтсіздікке ұшыратуы да мүмкін.

        Денешынықтыру мен еңбек сабақтарында барлық іс-қимылдарды мұғалімнің рұқсатымен орындау қажет. Ол сенің жарақат алуыңа жол бермейді.

Кей уақытта мектепті тез арада тастап шығу қажет болады. Бұл жағдай өрт, жер сілкіну қаупі төнген кезде орын алады. Ондай жағдайда саған қандай сақтық ережелерін білу керек?

Мектептегі қауіпсіздік ережелерін (сабақта, үзілісте, асханада, спортзалында т.б.) құрастырыңдар.

×
×

Cart