Дұрыс тамақтана біл

Біз пайдалы және пайдасыз
тағамдарды ажыратуды үйренеміз.

 Денсаулық пен ақыл-ойымыздың жақсы жетілуі үшін дұрыс тамақтана білуіміз керек.

        Біздің барлық тағамдарымыз: ақуыздардан,майлардан және көмірсулардан тұрады. Олар адам ағзасының өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді. Егер сенің қабылдайтын тағамдарыңның құрамында ақуыздар жеткілікті болса, тез өсесің.

 Суреттегі қай тағамның құрамында ақуыздар көп болады?

      Майлар ағзадағы клеткалардың түзілуіне және жылу қорының сақталуына әсер етеді. Клеткалар – бұл тіршілігі бар ұсақ бөліктер. Майлар біздің ағзамыздағы үлкен күш-қуаттың қоры саналады. Адам күш-қуатсыз еңбек етуі де, білім алуы да мүмкін емес.

 Суреттерге қарап қандай тағамдардың құрамында майлар барын анықта.

        Көмірсулар клетканың құрамына енеді. Біздің ағзамыз көмірсулардан күш-қуат алады. Ағзада қор көп болған сайын адам шыдамды келеді.

 Суреттерге қарай отырып, құрамында көмірсулары бар тағамдарды атаңдар.

          Біздің ағзамызға сонымен қатар минералды тұздар және дәрумендер қажет. Ол жеміс-жидектер мен басқа да тағамдардың құрамында бар.

1. Қоректену пирамидасына қарап зерттеп көрейік. Сенің ас мәзіріңде қандай тағамдардың түрі көп, қайсысы аз болуы керек?

2. Зиянды тағамдардың қатарына жататындарды есіңе түсіріп, ата. 

1. Әр адам дұрыс тамақтана білудің неге қажет екенін білулері керек.

2. Адамдар тағаммен бірге қандай қоректік заттарды бірге қабылдайды?

3. Сенің тұрған жеріңде ағзаңа пайдалы өнімдердің қай түрін өсіреді?

×
×

Cart