Сөйлеу мәдениеті

· Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра аламын.
· Түрлі жағдаяттарда сөйлеу мәдениетін сақтаймын.

57. Оқушылардың болашақ мамандықтары туралы жазған хабарламаларымен таныс.

  Әли: – Мамандықтың жақсы, жаманы жоқ. Десек те, болашақтың мамандығын таңдауымыз керек. Менің қалауым – роботтехникасы саласының маманы болу.
  Айнұр: – Меніңше, таңдайтын мамандығымыз ертеңгі күннің сұранысын қанағаттандыруы керек. Менің қиялымдағы биоинженер мамандығы болашақта да табысты болмақ.
  Нұржігіт: – Мен бағдарламашы-құрастырушы болуды армандаймын. Менің құрастырған кішкентай компьютерім ғарыштағы өмір сүруге болатын планетаны іздеп табатын болады. Ондай жетістікке жету үшін сабақты үздік оқып, көп ізденуім керек.
Хабарламалар мазмұны бойынша топта «Қалай ойлайсың?» деген сауалға қатысты 3 сұрақ құрастыр. Парталас жұбыңның сұрақтарына жауап беруге дайындал.
Өз хабарламаңды жалғастырып жаз. Таңдайтын мамандығыңның маңыздылығын көрсетуді ұмытпа.
Бір-біріңнің жұмыстарыңды тексер. Қандай қате түрлерін анықтадың? Бағала.

58. Сенің ойыңша, қайсысы болашақтың мамандықтары бола алады?

  1. Ғарыш кемесінің ғарышкері.
  2. Ғарыш пойызының жолсерігі.
  3. Ғарышты қоқыстан тазартушы.
  4. Ай кеншісі.
  5. Адамдар мен жан-жануарлардың қарым-қатынасын реттеуші тілмаш.
  6. Басқа планетаның адамдарымен келіссөз жүргізуші.
  7. Жәндіктер докторы.
  8. Суасты қалаларының құрылысшысы.
  – Бұлар алыс болашақтың мамандары ғой. Сен қалай ойлайсың, Әли?
  – Бұны балалардан сұрап көрейік. Олар не дейді екен?
Айтатын пікіріңді «Менің ойымша», «Шынымды айтсам» сөздерінен баста.

59. Ертең «Мен өскенде кім болам?» тақырыбында төртінші сыныптар арасында сурет салудан
жарыс өтпекші. Осы туралы досыңа жазбаша хабарлама жібер, мектеп радиосынан хабарлап
айт және хабарландыру жазып, көрнекі жерге іл.

  Мектеп радиосынан конкурс туралы хабарламаны хабарлап айту үшін мыналарды ескер:
  ◊ жарыстың қандай тақырыпта, қашан және кімдермен өткізілетінін, қатысуға кімдерді шақыратыныңды анықта;
  ◊ хабарламаңды бірнеше рет айтып дайындал;
  ◊ тыңдарманның назарын аударатын сөздерді орынды қолдан;
  ◊ сөйлеуде дауыс ырғағы мен дауыс екпінін сақта;
  ◊ шақыру қағазын толықтырып жаз.

Құрметті …!

  Сізді «Мен өскенде кім болам?» жарысына қатысуға шақырамыз.
  Өту орны: …
  Уақыты: …

60. Әли қалалық бастауыш сынып оқушыларының форумында «Робот техникасы – болашақтың
маманы» тақырыбында сөз сөйлемекші. Тыңдарманның назарын өзіне аудару үшін ол өз
сөйлеуінде қандай сөз тіркестері мен ым-қимылды қолданады? Көмекке кел.

Сөйлеу бөліктері мен оларға қатысты сөздерді сәйкестендір.

Сөз басында

Негізгі бөлігінде

Қорытынды бөлігінде

Менің айтқанымнан бұл мамандықтың болашағы бар екендігін байқаған боларсыздар. Сіздерді болашақтың мамандықтарын танып-білуге шақырамын. Назарларыңызға рақмет.
 

Бүгінгі сөйлейтін сөзім «Робот техникасы – болашақтың маманы» тақырыбына арналады.
 

Менің ойымша, … Мен … пікірдемін.

Осы тақырып бойынша өз сөзіңді дайындап, парталас жұбыңа айтып көр. Ол үшін сөйлейтін сөзіңді алдымен төмендегі ретпен жазып ал.
1. Сөзіңнің кіріспе бөлігінде тақырыпқа қатысты мақал-мәтел, қанатты сөздерді қолдан.
2. Ойыңды дәлелдеу үшін мысалдар келтір.
3. Қорытынды бөлікте ұсыныс айт.
4. Тыңдаушыларға өз ризашылығыңды білдір.

61. Тест сұрақтарына жауап беру арқылы тыңдаушылық деңгейіңді біле аласың.

Жауаптарыңның ұпайларын сана:«иә» – 2 ұпай; «кейде» – 1 ұпай; «жоқ» – 0 ұпай.
Ұпайың 20-дан жоғары болса, сен жақсы тыңдаушысың. Жарайсың!
Ұпайың 13-тен 20-ға дейін болса, сен әркез дұрыс тыңдай білмейсің;
Ұпайың 0-ден 12-ге дейін болса, саған әлі тыңдай білуге үйрену керек.

×
×

Cart