Мен не үйрендім?

1. Мәтіннің аты мен суреттер бойынша оның мазмұнын болжа. Өз ойыңды дәлелде.

Қазіргі бессайыс түрлері

2. Мәтінді тыңда. Тақырып пен суреттер бойынша сен болжаған мазмұн
мен тыңдаған мәтіннің мазмұны бір-біріне ұқсай ма?

Мен бессайысшы боламын

  Апасы Темірді маңдайынан иіскеп, еркелете бауырына қысты.
  – Әлгі мылтығың не, түсіндіріп айтшы, – деді ол Темірге қарап.
  – Апа, біз бүгін бірінші рет тирде мылтық аттық.
  – Ат спортын қойдың ғой?
  – Жоқ, оған да қатысамын.
  – Мүмкін, онда суға жүзуді тоқтататын шығарсың! – деді таңдана.
  – Неге? Оны да тастамаймын. Мен бессайысшы клубына барып жүрмін ғой.
  – Сонда осының бәріне баруға уақытты қайдан табасың? Әр нәрсенің басын бір шаламын деп жүріп, ақырында бәрінен жұрдай боларсың. Оныңды қой. Оқуыңды оқы, спорттың бір түрімен айналыссаң да жетер.
  – Апа, бір әңгіме айтайын, тыңдаңызшы, – деді Темір қиыла өтініп.
  – Ал, айта ғой, – деп, апасы баласына сынай қарады.
  – Ерте, ерте, ертеде ме, әлде біздің осы заманымызда ма, бір жерде соғыс болып жатыпты, – деп, Темір сәл жымия сөйледі. Ол әңгіме айтқанды да жақсы көретін. – Сонда әскердің шағын бір тобы жау қоршауында қалып қойыпты. Бір офицер атысып-шабысып жүргенде астындағы аты мерт болып*, өзі өзеннен малтып өтіп, одан әрі жаяу жүгіріп, әскердің негізгі тобына хабар жеткізеді. Осыдан кейін спорттың бессайыс деген түрі пайда болыпты.
  – Сенің де сондай болғың келеді ғой, шамасы, солай ма?
  – Иә.
  – Жарайды, балам, «Талапты ерге нұр жауар» деген, талабыңа жет, – депті апасы.

Олжас Мұқановтан

Тыңдалған мәтінге өз пікіріңді білдіру үшін мына сұрақтарды толықтыр.
1. Темір неліктен бессайыс туралы әңгіме айтуға мәжбүр
болды?
2 …
3 …
Сұрақтардың жауабын дәптерге жаз. Күрделі сөздердің астын сыз.

3. Мәтіннің қай бөлігінде негізгі ой тұжырымдалған? Осы ой бөлігін тауып жаз.

4. Оқы.

  Астананың 20 жылдық мерейтойына орай қазіргі бес- сайыстан Әлем кубогының финалдық бәсекесі өтті. Елімізде бұл доданың өтуі спорт әлеміндегі Қазақстанның абыройын тағы бір арттыра түсті.
  Финалдық бәсекеге 23 елдің спортшылары қатысты. Оңтүстік Корея, Германия, Венгрия құрамалары ең мықты үзді ктер қатарынан көрінді.
  Бессайысшылар шпагамен семсерлесу, суда жүзу, жүгіру, атпен өнер көрсету және лазерлі тапаншамен атудан жарысты. Әлем кубогының финалдық кезеңін «Қазспорт» арнасы тікелей эфирден көрсетті. Жанкүйерлер үшін кіру тегін болды.

Күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жаз.
Мәтіндегі қай сөйлемдерге «көзді ашып жұмғанша», «тепсе темір үзетін», «сайдың тасындай» тұрақты сөз тіркестерін қатыстыруға болады?

5. Оқушылар «Мамандық әлемі» тақырыбында кеш ұйымдастырмақшы. Кештің шақыру
қағазын жазуға көмекке кел. Ол үшін шақыру қағазын жазуға арналған төмендегі нұсқаулықты
басшылыққа ал. Күрделі сөздерді қолдануды ұмытпа.

  1. Кімді шақыратыныңды қаратпа сөз арқылы беруге тырыс.
  2. Шақырудың себебін немесе мақсатын жазуды ұмытпа.
  3. Өтетін орны мен уақытын жаз.
  4. Шақырушыны көрсет.

×
×

Cart