ПЕРСПЕКТИВАЛЫ СУРЕТ САЛЫП ҮЙРЕНЕМІЗ

     Енді перспектива ережелерін меңгергенімізді сурет салу арқылы тексереміз. Бірақ ол оңай емес. Бірнеше мысалға назар аударайық.
    Оқушы алмұрттың екі жартысын бір-бірінен әртүрлі қашықтықта перспектива ережелерін ескере отырып бейнелеуді ұйғарды.Ол перспективалы суретті алғаш рет салып тұрғандықтан, бірнеше
нұсқасын жасады.

Суретке зер салып қара. Жас суретші қандай қателіктер жіберді?

       Алмұрттың екі жартысы бір-бірінен және көрерменнен әртүрлі қашықтықта жатқанын сезу үшін перспективаның бірінші ережесін қолданамыз: егер көлемі бірдей заттар әртүрлі қашықтықта орналасса, онда алыста орналасқан затқа қарағанда жақындағы зат үлкен болып көрінеді.

     Екінші ережені қолдана отырып, суретімізді одан да әсерлі ете аламыз: екі па раллель сызық алыстаған сайын тарылып, көкжиекте бір нүктеде түйіседі.

    Үстелдің суретін саламыз. Оның өзімізге жақын жағын ендірек, ал алысырағын енсіздеу көрсетеміз. Үстелдің үстіне алмұрттың екі жартысын бейнелейміз. Олардың бірін үстелдің жиегіне жақындатып, екіншісін алысырақ саламыз. Енді суреттерді салыстырып, олардың қайсысында кеңістік байқалатынын анықтаймыз. Соңғысындан кеңістік байқалатынына көзің жеткен болар? Сондай-ақ ережеге сүйеніп, қызықты әрі әсерлі сурет салуға болатынын білдің.

×
×

Cart