ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЕБЕРХАНА

     Жаңа жыл – бәріне ұнайтын мереке. Оны көптеген елде, сонымен қатар біздің елімізде де атап өтеді. Әрбір үйге шырша қойылып, оны ойыншықтармен безендіреді, сыйлықтар сатып алады. Сенде жақындарың мен достарыңа жаңажылдық ойыншық түрінде сыйлық әзірлей аласың. Олар шыршада өте әдемі көрінеді.

Мына пішіндердің қалай аталатынын есіңе түсір.

    Бұл – жазық пішіндер. Оларды салуға немесе қағаздан қиып алуға болатынын білесің. Ал төмендегі пішіндер сыртынан қарағанда үшбұрышқа, дөңгелек пен төртбұрышқа ұқсайды, алайда бұлар көлемді. Сондықтанда көлемді денелер деп аталады.

Конус

Шар

Текше

   Жоғарыдағы пішіндерге ұқсас жаңажылдық ойыншық жасағың келсе, оны мүсінде немесе қағаздан желімдеп жаса. Қарашы, пішіндерден мынадай ерекше бұйымдар жасай аласың.

Қағаздан жасалған шырша


Саған ақ және жасыл түсті қатты қағаз, жай қарындаш,қайшы, желім, жіп пен фольга керек.

ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Қағаз парағын екіге бүкте (ақ және жасыл).Бүктелген тұсына шыршаның жартысының суретін сал.

2. Оны қиып, аш. Сонда симметриялы бейне шығады.
3 Тағы бірдей шыршаны қиып ал.
4. Екі шыршаны беттестіріп, желімде. Қалған екеуімен де солай жаса.
5. Оларды бір-біріне желімде. Ұқыпты бол.

6. Шыршаны моншақтармен әшекейле. Оны істеу қиын емес. Жіпке арақашықтығын бірдей етіп фольгаларды өткіз. Моншақ дайын.

           Міне, сонда қардай аппақ немесе жасыл шырша жасайсың. Онымен бөлмеңді  безендіріп, жақындарың мен достарыңа сыйлай аласың. 

1. Сенің шыршаңның пішіні қандай?
2. Ол жазық па әлде көлемді ме?

×
×

Cart