Аң аулағанда аңшылар үнемі олжамен орала бермейтін. Адамдар аштықты да бастарынан өткерді. Аңшылықтан малшаруашылығы дамыды. Ер адамдар аңшылықтан кішкентай құлын, бұзау, лақтарды әкелді. Оларды өсіріп, қолға үйретті. Осындай жолмен қой, ешкі, сиыр адамдарға үйрене бастады. Адамдардың тұрмыс тіршілігі жақсарды.