Отан-Ана

1-тапсырма. Талқылау.

«Ана жүрегі» ертегісі

ақын Қ. Дәрібаевтың «Ана жүрегі» поэмасының желісімен

   Ертеде кедей жігіт қой бағып жүріп, бір төбенің басына жатып, ұйықтап қалады. Түс көреді. Түсіне бір байдың хас сұлу қызы енеді де, жігіт оған ессіз ғашық болып қалады. Соны сезген хас сұлу: «Егер маған үйленгің келсе, анаңның жүрегін әкеліп бер», – деп талап қояды. Аруға ессіз ғашық болған жігіт анасының алдына барып, болғанжағдайды баяндап жылайды. Баласына жаны ашыған анасы кеудесінен жүрегін суырып береді. Жүректі алған жігіт сүйгеніне жүгіре өнеледі. Асыққан жігіт сүрініп құлап, жүректі қолынан түсіріп алады. Бір кезде бұтаққа ілініп қалған жүрекке тіл бітіп, аналық мейірім, махаббатымен:
                                                 «Айналайын жан балам,
                                                 Құладың-ау сен жаман.
                                                 Ауырған жоқ па бір жерің,
                                                 Сен аман бол, жан балам!»
   Жігіт жасаған ісіне қатты өкініп, жер тепкілейді. Оянып кетсе, түсі екен. Дереу үйіне қарай жүреді. Анасының амандығын көріп, қуанғанынан құшақтап жылайды.

   Әрбір ана үшін баласы – қымбат, әрбір адам үшін Отаны – қымбат. Осындай адамға ғана тән махаббат, сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдер құндылық деп аталады. Құндылық – бұл ұғым, яғни қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, қымбаттылығы. Басты құндылықтар: Отан, отбасы, ана тілі, рәміздер. Өзің қандай құндылықтарды қосар едің?

2-тапсырма. Тыңдау және талқылау.

Көк тудың желбірегені

Өлеңін жазған: А. Ахметбекұлы
Әнін жазған: Е. Зейітхан

• Көрген бейнебаян мен тыңдаған ән қандай сезім тудырды?

• Бейнебаянда қандай құндылықтар баяндалған? Өзіңе таныс құндылықтарды ата.

• Марштық ырғақтағы әнге қандай асп аптар нәзіктік беріп тұр? Бейнебаяндағы құндылықтарды Отанға деген махаббат біріктірген. Көк туға құрмет – біздің Отанымызға деген құрмет.

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан».
Нұрсұлтан Назарбаев

3-тапсырма. Орындау.

Көк тудың желбірегені

Өлеңін жазған: А. Ахметбекұлы
Әнін жазған: Е. Зейітхан

Көк тудың желбірегені –
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Қайырмасы:
Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес, маған керегі –
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені –
Елдіктің асқақ өлеңі.
Жан-жаққа тартпай, қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Қайырмасы:
Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес, маған керегі –
Көк тудың желбірегені.

• «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес, маған керегі – Көк тудың желбірегені» деген өлең жолдарын қалай түсіндірер едің?
• Әнді мәнерлеп, көркем орында.

4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

   Екі топқа бөлініп, «Көк тудың желбірегені» әнінің кіріспесін берілген үлгіге қарап, екі дауыста ля буынына салып орында.

5-тапсырма. Бағалау.

Екі топ өз орындауларын таныстырады және бағалайды.

×
×

Cart