СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

        Уақыт өте келе өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипат алды. Бай адамдар өзіне ыңғайлыда жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті сарайларда тұрғысы келді. Тұрғын үйлерден бөлек әртүрлі қоғамдық ғимараттар да пайда болды. Мешіттер мен ғибадатханалар, стадиондар, театрлар, кітапханалар салынды. Мұндай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін асқан шеберлік пен терең білім қажет болды. Түрлі ғимараттардың жобасын жасайтын адамды сәулетші, ал олардың туындыларын архитектура немесе сәулет өнері деп атады(архитектура гректің «архитектон» – құрылысшы деген сөзінен шыққан). Сәулет өнері деп ғимараттар тұрғызуды айтамыз.

         Ерте кездегі ең әйгілі құрылыстардың бірі – Парфенон. Ол – біздің заманымызға дейін Афиныда тұрғызылған грек храмы. Ғимарат өзінің алыптығына қарамастан, көркемдігімен көз тартады. Мұның себебі шеберлердің сәулет өнері құпияларын білуінде. Мысалы, храм бағандары тіп-тік емес, шеткілері ортасы- на қарай еңкіштеу орналасқан. Бүйір бағандары ішкілеріне қарағанда жуандау. Бағандардың арақашықтығы бірдей болып көрінгенмен, шын мәнінде олай емес, ортасына жақындағанда арақашықтық кішірейеді. Бағандардың төменгі жағы жуан, ал жоғарысы жіңішке. Содан құрылым тұтастай көкке өрлеп бара жатқандай көрінеді. Храм бірнеше рет қирап, бүлінді. Қазіргі қалпы мынадай.

    Қалалар өскен сайын сәулет өнері де өркендей түсті. Бірте-бірте қаланың келбеті те өзгерді. Қарапайым үйлер мен зәулім сарайлардың орнына көпқабатты ғимараттар пайда болды. Мына суретте АҚШ-тың Даллас қаласындағы аспанмен таласқан үйлер бейнеленген.

1. Қалай ойлайсың, алғашқы адамдар баспана тұрғызатын материалдарды қалай таңдаған? Жауабыңды түсіндір.
2. Дала және орман тұрғындары баспаналарын қандай материалдардан тұрғызған?

×
×

Cart