ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ

     Орталық Азияның сәулет өнері бүкіл әлемге әйгілі. Самарқан, Бұхара, Хиуаның ежелгі кешендері сәулет өнерінің жауһары деп саналады. Салтанатты ғимараттардың қабырғалары ішінен де, сыртынан да түрлі түсті мозаикалармен көмкерілген. Өрнектермен безендірілген зор күмбездері төңкерілген көгілдір аспан тәрізді. Ертедегі шеберлер қолданған бояулардың түсі көп уақыт өткеніне қарамастан өңін бермеген. Бұл құпияның сыры жұмбақ күйінде ашылмай келеді.

Мир-Араб медресесі.Бұхара

Шахи Зинда кесенесі. Самарқан

     Қазақстанның көне қалаларының бірі Түркістанда орын тепкен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – қазақ халқының мақтанышы. Кесене 10 жыл уақыттың ішінде тұрғызылған. Бүгінде кесенеде әртүрлі қызмет түрлеріне арналған 30 зал мен бөлме бар. Сәулет кешені идеясы мен сән-салтанаты ұштасқан бірнеше ғимараттан тұрады.

     Ғаламтордан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туралы мәліметтерді тауып оқы. Ол қашан тұрғызылған? Кімнің бұйрығымен және кімнің құрметіне салынған?

×
×

Cart