Біздің Ата Заңымыз – Конституция

– Конституцияның азаматтар үшін маңызын білетін боласың.
– Конституция деген не?
– азамат деп кімді атауға болатынын талқылайсың.

  Конституция – бұл мемлекеттің негізгі заңы, жоғары заңдық күшке ие Ата Заң.

  Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бетінде бұл заңның кім және не үшін жасалғаны туралы жазылған. Оқып, таныс.

  Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiт азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

  Конституцияның кіріспесінде сипатталған халықтың мақсаттарын сен қалай түсінесің?

  Конституцияда біздің еліміздің басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқығы мен еркіндігі туралы айтылған.

  Төмендегі сызбада берілген Қазақстан азаматының құқықтарын оқып шық. Оның ішіндегі өзің қолданып жүрген құқықтарды ата.

Өмір сүру

Еңбек ету

Жекебасының
еркіндігі

Қазақстан
азаматының
құқықтары

Демалу

Тегін орта білім алу

Тегін медициналық
көмек алу

  Әрбір азамат өзіне берілген құқықтар мен еркіндіктерді пайдалана алады. Әр адам өзіне қажетті құқықты білумен шектелмей, міндетті де орындай білуі қажет.
  Әрбір азамат Конституцияны сақтап, басқалардың құқығына, еркіндігіне, ары мен абыройына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға міндетті. Сонымен қатар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына үлес қосуға және қорғауға міндетті; табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарауға міндетті.

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

  Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

  Біздің елімізде Конституция күні белгіленген. Ол қай күні, қай айда атап өтіледі?

  Қазақстан азаматы қандай құқықтарға ие? Қандай міндеттерді орындауы керек? Әр азамат тарихи және мәдени мұраларды қорғауды басты міндет етіп алу себебі неде? Мемлекеттің тегін медициналық көмек, тегін орта білім беруді қамтамасыз ету себебі неде?

×
×

Cart