Менің ататегім қайдан бастау алады?

– қазақ халқындағы шежіре таратудың маңызын білесің.
– өз ататегіңді таратуды үйренесің.

Ататек деген не?
Сен өзіңнің атаңның, арғы аталарыңның аты-жөндерін білесің бе?

 «Тектілік» сөзінің өзі «тек» сөзінен шығады. Біздің әрқайсысымыздың тегіміз көнеден бастау алған ежелгі бір ру-тайпаның ұрпағы. Адамдар өз ататегін таратқанда бір атадан өскен әулеттің ұрпақтарының тізбесін жасайды. Көптеген халықтар шежірені тармақталған ағаш бұтақтарына балайды.
  Қазақ халқы әулеттің шығу тегі мен таралуын шежіре деп атайды. Қазақ халқы ататегін ерлер тарапынан, яғни әке жағынан таратады. Салт-дәстүрге сай жеті атасын білу аса маңызды. Жеті атасын білу тектілік деп саналады.

  Ұрпақтар сабақтастығы қалай аталғанын ағаштың төмен жағынан бастап оқы.

  Бұл дүниеге қаншама адамның ұрпағы келіп кетті. Сен – олардың жалғасысың. Сондықтан сен өз отбасыңның және тегіңнің озық дәстүрлерін жалғастыруың керек.

  Шежіре бойынша адамның өмір сүру жасын орта есеппен 25 жас деп санасақ, жеті атаның шежіресін білу қанша уақыт аралығын қамтиды?

  Ата-анаңнан өзіңнің ата-бабаларыңның есімдері туралы сұрап біл.

  Өз атаң немесе бабаң туралы әңгіме құрастырып айт. Олар еліміздегі қандай маңызды оқиғаларға қатысқанын үлкендерден сұрап біл.

  Көптеген халықтар шежірені не себепті бұтақтары тармақталған ағаш түрінде бейнелейді? Оның тамыры, діңі, бұтақтары мен жапырақтары нені меңзейді?

×
×

Cart