ӨНЕР ТҮРЛЕРІН БІЛДІРЕТІН БЕЛГІЛЕР ЖАСАЙМЫЗ

Өнер түрлерін білдіретін белгі ойлап табу үшін, негізгі өнер түрлерінің ерекшеліктерін білуің тиіс.

       Ежелгі гректер әр алуан өнер түрлеріне табынған. Көне аңыз бойынша гректің Олимп тауында музалар – өнерді қолдап-қорғаушы құдіретті күш иелері жиналған. Олардың саны тоғыз, әрқайсысы белгілі бір өнер түрі мен ғылымды қолдап, жебеп жүрді. Олардың өз ғибадатханалары болды. Олар мусейондар деп аталды, осыдан «музей», яғни «мұражай» термині пайда болған.

     Ғаламтордан өнерді қолдап-қорғаушы күш иелері туралымәліметтерді тауып, достарың және жақындарыңмен бөліс.

      Символ түрлі түсті немесе ақ-қара болуы мүмкін. Алайда ең басты нәрсені нақты білдіруі керек. Сен ол үшін театрда, биде, музыкада, бейнелеу өнерінде ең басты нәрсе не екенін анықтап алуың қажет. Адамдар театрда өздерін емес, белгілі бір кейіпкерлерді бейнелейді. Актерлер басқа біреудің маскасын киеді. Ежелгі театрларда дәл солай болды, актерлер беттеріне маска киетін. Сондықтан олардың маскасына қарап, актер зұлым не мейірімді адамды бейнелеп жатқанын білуге болатын. Содан бері театр өнерін екі маскамен белгілейді.

   Балалар жасаған белгілерге қарап, сен де музыка, би, театр, бейнелеу және т.б. өзің білетін өнер түрлеріне белгілер ойлап тап. Бұл өнер түрлері туралы мәліметтерді өз бетіңше ізденіп тауып, түс символдары мен белгілері туралы білетініңді пайдалан. Белгілерді жасайтын тәсіл түрін таңда.

1. Мына белгілер қандай өнер түрлеріне жататынын тап.
2. Оны қалай білдің?

×
×

Cart