Үлкенге құрмет

1-тапсырма. Ойтолғау. Талдау.

Ата-әже

Өлеңін жазған: И. Иса
Әнін жазған: А. Бексұлтан

«Ата-әже» әніне түсірілген бейнебаянның мазмұны туралы пікіріңді ортаға сал.
• Бейнебаянда қандай құндылықтар көрсетілген?
• Үлкенге құрмет көрсету ата-әже, жақын таныстарына ғана жасала ма? Өз ойыңды білдір.
• Қалай ойлайсың, бейнебаянның негізгі мәні неде?

2-тапсырма. Әнді үйрену.

Ата-әже

Өлеңін жазған: И. Иса
Әнін жазған: А. Бексұлтан

1. Қалмасын деп қатардан,
Ойлайтынын сезем мен,
Айналайын атамнан,
Айналайын әжемнен.
Мақтанбаймын бекер мен,
Өшпейсіңдер санамнан,
Айналайын әкемнен,
Айналайын анамнан.
Күн сияқты ашылар,
Қамқоршылар осылар.

Қайырмасы:
Ата, әже, мен сіздерді сүйіп өсемін,
Ана, әке, сыйлаймын ғой бәріңді,
Мен сендерге қарап өсемін.

2. Қанша көрдім деген мен,
Көрмегенім көп менің,
Қанша білдім деген мен,
Білмеген ім көп менің.
Мен деген де ештеңе
Аямайтын осылар,
Таңертең де, кешке де
Аялайтын осылар,
Қалай жаман боламын,
Мен бақытты баламын.

Қайырмасы:
Ата, әже, мен сіздерді сүйіп өсемін,
Ана, әке, сыйлаймын ғой бәріңді,
Мен сендерге қарап өсемін.

• Ән мәтінінде үлкен кісілердің бойындағы қандай құндылықтарды байқадың?

• Ән әуені қандай көңіл күйде орындалған?

• Әнді сезіммен орында.

3-тапсырма. Суырыпсалма.

«Жасырынбақ» (ойын)

  Шарты: Екі топқа бөлініп, «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» насихат өлеңдерінде жасырылған сөздерді табыңдар.

1-топ: … – қазыналы шежіре (қария, ата, әке , бала)
Әр айтқан … қылар сөзін елі (ақыл, пішін, үлгі)
Жастары сөзін бөлмей, жолын кеспей,
Ұлтының … сезінеді (қанағатын, ұлағатын, парасатын)

2-топ: … – балалығын кешіреді (ағаның, баланың)
Ұрпағым өмірімнің … еді (басшы, көші, сілтеуші)
Кішіге ізетпенен жол көрсетіп,
… өрлесін деп өсіреді (сапарың, талабың, сабағың)

4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

Тапқан сөздеріңді берілген нота үлгісіне салып, топтарыңмен орындаңдар.

5-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

Таныстырылымыңа көңілің тола ма?

×
×

Cart