Белгілі бір көңіл күйді білдіретін портрет саламыз

Портрет және автопортрет туралы білетініңді есіңе түсір.

Көтеріңкі көңіл күйді білдіретін портрет салу үшін көңілді түстік гамма , яғни қызыл , сары , көгілдір, қызғылт сары , ашық күлгін түсті пайдаланамыз.

1. Қыздың портретіне мұқият қарап шығып, оның көңіл күйін сипатта .

2. Жас суретші қандай әсерл егіш құралдарды қолданған? Оларды ата .

Қимылға толы ойнақы сызықтар көңілді адамның жай-күйі мен мимикасын көрсетеді.

Көңілсіз адамның портретін салу үшін суық түстік гамманы таңдаймыз. Олар : көгілдір, ашық көк, сұр түс.

Жабыр қаңқы көңіл күйге жұмсақ сызықтар тән. Оларды қисық, тік сызықтар толықтыра алады.

1. Мына портретке зейін қойып қара . Оның көңіл күйі мен мимикасын сипатта .

2. Жас суретші қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланған? Оларды ата .

Өкпелі, ашулы адамның портретін салу үшін қою түстік гамманы пайдаланамыз. Олар : қою көк, күлгін, күрең қызыл , қара түс. Бұл гамма ға жылы ашық түстерді қосуға болады.Өкпелі, ашулы адамның портретін салу үшін қою түстік гамманы пайдаланамыз. Олар : қою көк, күлгін, күрең қызыл , қара түс. Бұл гаммаға жылы ашық түстерді қосуға болады.

Тік сызықтар ашулы адамның көңіл күйі мен мимикасын көрсетеді.

 

1. Мына портретке зейін қойып қара . Оның көңіл күйі мен мимикасын сипатта .

2. Портреттің түстік гаммасы мен сызықтары туралы не ойлайсың?

№1 жұмыс дәптерінің 6-7-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

×
×

Cart