ПОЛИМЕР БАЛШЫҚТАН ЖАҚТАУ ЖАСАЙМЫЗ

ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Ғаламтордан өзіңе ұнайтын адам туралы мәлімет тап. Ол адамның портретін тауып алып, қағазға шығарып ал.

2. Полимер балшығының керекті түсін таңда немесе алуан түсті ермексазды араластырып, қажетті реңкті шығар.

3. Полимер балшықты ұзынынан шират. Олар портреттің өлшеміне сәйкес келу керек. Оларды қалыңдығы 3–4 мм, ал ені 3 см болатындай етіп жалпақта. Жақтаудың пішініне сәйкестендір де, оны кептір.

4. Жақтау тақырыпқа сай болу керегін ұмытпа. Полимер балшықтан ұсақ бөлшектерді мүсіндеп, жақтауға жапсыр.

5. Портретті қатты қағазға жапсырып, оны жақтаудың артына желімде.

1. Портретте кім бейнеленген?
2. Бұл адам туралы не айтасың?
3. Осы мамандықтағы тағы кімді білесің? Олар туралы айтып бер.
4. Портретке жақтау сәйкес келе ме? Толық жауап бер.

×
×

Cart