Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?

– қала мен ауылдың байланысы қандай екенін білетін боласың.
– қала мен ауыл тұрғындарының қандай еңбекпен айналысатынын білесің.

  Әрбір адамға азық-түлік, киім және баспана қажет. Адамдардың өмір сүруі үшін керек заттардың барлығы қажеттілік деп аталады.

  Адамның тағы қандай мұқтаждықтары бар? Адамның күнделікті қолданатын қажеттіліктерінің тізбесін жаса.

  Күнделікті қажеттіліктерді пайдалану үшін оларды өсіру, өндіру, даярлау керек. Мұнымен өндірістің экономика бөлімі айналысады.

Экономика – бұл адамдардың шаруашылық қызметі.

  Адамдар тауарларды шығарып, қызмет көрсетеді. Тауар – бұл сатуға арналған еңбек өнімі. Оларды сатып алмас бұрын ұстап, киіп көруге болады. Ол тауарлар қолдан-қолға өтеді.
  Шаштараздар, сатушылар, аяқкиім жөндеу шеберлері жаңа тауар түрін шығармайды, олар адамдардың қажеттілігін өтеуге қызмет көрсетеді.

  Тауар өндіру мен қызмет көрсету түріне мысалдар келтір. Бұл екі салаға талдау жасап, салыстыр.

  Сызбаға қара. Әр саладағы адамдар немен айналысып жатқандарын айт. Олардың мамандықтары қандай?

ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫ

Өндіріс

Ауылшаруашылығы

Құрылыс

Сауда

Көлік

  Суреттерге қара. Сыныптасыңмен қала және ауыл тұрғындары немен айналысатынын анықтаңдар. Қорытынды жасаңдар.

  «Ауылдың қаласыз, қаланың ауылсыз өмірі жоқ» деген сөзбен келісуге бола ма? Бұл сөздің дұрыстығын мысалдар келтіріп дәлелде. Жауаптарды мына пiкiрлер бойынша құрыңдар:
– Мен былай ойлаймын….
– Өйткені, …
– Мысалы: …
– Сондықтан …

  Үлкендердің көмегін, Интернет мүмкіндігін және қосымша әдебиетті пайдаланып, анықта:
– Сенің тұратын жеріңде қандай өндіріс орындары дамыған?
– Сенің ауылыңда (қалаңда) қандай ауылшаруашылық өнімдері өндіріледі?

×
×

Cart