Түркілер және олардың өмір сүру салты

– түркілердің өмір сүру салты туралы білетін боласың.
– түркі әлемінің жетістіктері мен өнертабысын оқып-үйренесің.

  Қазақ халқының шежіресін бәйтерекке теңейді (45-бет). Бұл ағаштың діңі – қазақтардың бабалары: сақтар, ғұндар, түркілер. Олар туралы не білетініңді баяндап бер.

  Түркілер ғұндардың ұрпақтары. VІ ғасырда Қазақ жері Түрік қағанаты мемлекетінің құрамына кірді. Түркілер көшпелі және отырықшы өмір салтын ұстанды.

  Ғасыр – жүз жылдық мерзімді қамтитын уақыт өлшемі..

Ауыр қаруланған түркі жауынгері

  Картадан Түрік қағанатының жерлерін көрсет. Ауыр қаруланған түркі жауынгерлерінің жеңісінің себептерін айтуға тырыс.

  Түркі қағанатының негізін салған Бумын қаған болды. Ол темірден жасалған қарумен, сауытпен қаруланып, темір құрсанған, қуатты атты әскер құрды. Түркілердің әскерлері шығысында Ұлы Қытай қорғанынан батысында Қара теңізге дейінгі ұлан-байтақ өлкені басып алып, билік жүргізді.

  Араб тарихшысы былай деп жазды: «Түркілердің елінде 25 қала орналасқан, олардың ішінде Құлан, Мерке, Талғар және басқалар бар».
  Арықтар және ескі каналдардың ізі сақталып қалған. Археологтар қазба жұмыстарында орақ, пышақ, балта, үзеңгі, қылыш және әртүрлі әшекей бұйымдарын тапқан. .

  Түркілердің қолөнері жақсы дамыды. Олар ағаштан, теріден, темірден түрлі қолөнер бұйымдарын жасаған.

  Суреттегі түркілердің өнертабысын анықта.
  Бұл жаңалықтар адам өмірін қалай жеңілдетті? Сұрақтарға жауап беру үшін суреттерді салыстыр.

Көне түркі руна жазуы

үзеңгі

ағаштан жасалған ер

киіз үй

Көне Тараз қаласының көрінісі

×
×

Cart