Менің бабаларым – қыпшақтар

– қыпшақтардың қалай өмір сүргенін, немен айналысқанын білетін боласың.
– қыпшақтар мен қазақтардың ұлттық киімдерін, тілін, сыртқы келбетін салыстыруды үйренесің.

  Картадан Қыпшақ даласы қай аймақта орналасқанын анықта.

  Түркі тайпаларының ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. 11–12 ғасырда олар Алтай мен Дунайдың арасындағы кең-байтақ даланы мекендеді. Бұл жерлер «Қыпшақ даласы» деп аталды.

  Суреттерге қара. Қыпшақтар мен қазақтардың ұлттық киімдерінің арасында қандай ортақ ұқсастық белгілері бар? Салыстыр.

Қыпшақтар

Қазақтар

  Қыпшақтар – қазақтардың арғы бабалары, олар малшаруашылығымен айналысып, төрт түлік өсірді. Тарихшылар: «Қыпшақтардың жылқылары басқа елдерде жоғары бағаланды. Үндістанда Қыпшақ даласынан келген жылқыға 500 алтын динар беретінін» жазады.

  Қыпшақ жылқыларының қымбат бағалануының сыры неде? Олар қандай қасиеттерімен ерекшеленді? Ойлап көр.

  Қыпшақтардың арасында егіншілері де болды. Олар тары, бидай, арпа өсірді.

  Саяхатшылар қыпшақтардың тарыны тағамға көп қолданатынын жазды.
  Қазіргі кезде тарыны біз тағамға қолданамыз ба?

  Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде қалыптасты. Кестедегі сөздерді салыстырып, қыпшақ тілінің ерекшелігін сипатта.

  Өзіңді экскурсия жүргізушісімін деп ойлап көр.

  Сыныптастарыңа өз қалаң, ауылың жайлы экскурсия жүргіз. Төмендегі сұрақтарға әңгіме құрастыр:
– Қалаңның (ауылыңның) құрылғанына қанша жыл болды?
– Қалаңда (ауылыңда) қандай тарихи-мәдени ескерткіштер бар? Ол ненің құрметіне немесе қандай оқиғаға байланысты қойылған?

  Тақырыбы «Менің сүйікті ескерткішім» .
  Кез келген ескерткішті (еліміздегі, қаладағы, ауылдағы) таңдап, ол ескерткіштің саған неге ұнайтындығы туралы 7–8 сөйлем жаз.

  «Жер бетінде мәдени және тарихи ескерткіштер сақталу үшін не жасай аламын?» деген тақырыпта жадынама жаз.

×
×

Cart