КӨҢІЛДІ АТТРАКЦИОНДАР

       Мереке және демалыс күндері адамдар саябаққа барып, әртүрлі аттракциондарды көріп, көңіл көтереді. Аттракциондарды инженери-құрастырушылар мен дизайнер-суретшілер ойлап табады. Қазіргі аттракциондар өте әдемі.

1. Дизайнер-суретші дегеніміз кім екенін есіңе түсір.
2. Оның жұмысындағы басты ұстанымдарды ата.

      1955 жылы Калифорнияның Анахайм қаласында Диснейленд ойын-сауық және аттракцион саябағы ашылды. Бұл – балалардың сүйікті мультфильмдеріндегі ке-йіпкерлермен кездесіп, алуан түрлі таңғажайыптарды көретін орны. Ал үлкендер балалық шақтарына қайта оралады. Содан бері Диснейленд адамдар көп баратын, көңіл көтеретін орынға айналды. Оны бүгінге дейін 600 миллионнан астам адам тамашалаған.

×
×

Cart