Достығымыз жарасқан

1-тапсырма. Тыңдау және талқылау.

Жан досым

Өлеңін жазған: Т. Молдағалиев
Әнін жазған: С. Бәйтереков

Iздеген де табылатын қасымнан,
Көңiлi бар қызғалдақтай ашылған.
Көріспесек, сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар жақын бала күнгi досымнан?

Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейiң,
Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн.
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн.

• Композитор С. Бәйтерековтің «Жан досым» әнін тыңда, сөзіне назар аудар.
• Ән қалай орындалады (лирикалы, ойнақы, жігерлі, жылдам, баяу)?
• Неліктен ән «Жан досым» деп аталған?
• Өзіңнің досың туралы әңгімеле (досыңның мінезі, жақсы қасиеті).
Дос ұғымына тән құндылықтарды атап, толықтыр (адал, …).
• Өзге ұлт өкілдерінен достарың бар ма?

2-тапсырма. Орындау.

Достар әні

Өлеңін жазған: А. Рахметов
Әнін жазған: Н. Мирманов

Доспыз бәріміз,
Бірге әніміз.
Татулықпен ойнап-күліп,
Жайнар жанымыз.
Келер күндерге,
Терер гүлдерге,
Достарменен не жетеді,
Бірге жүргенге.

Қайырмасы:
Дос – өмірдің бағы,
Сынб асын сағы,
Арайлап атсын ақ таңы.
Дос – көңілдің күйі,
Тәңірдің сыйы,
Кездессем деймін мен жиі.

• «Достар» әнінің сөзін әуенімен үйрен.

• Әндегі достар бойындағы құнды қасиеттерді ата.

• Әннің орындалу ерекшеліктерін сипатта (темпі, көңіл күйі: лирикалық ән, би сипатына жақын, марш ырғағында).

3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

1. Екі топқа бөлініп, әннің бірінші шумағын төмендегідей талаптарға сәйкес орындаңдар:

1-топ: әннің бірінші, үшінші жолдарын фортеде орындайды.

2-топ: әннің екінші, төртінші жолдарын пианомен орындайды.

2. Өткен сабақтардан динамикалық таңбаларды есіңе түсір: f (форте) – қатты орындау, p (пиано) – жай орындау.

4-тапсырма. Таныстыру.

Шығармашылық жұмыстарыңды таныстырыңдар және бағалаңдар.

×
×

Cart