ӨЗ АТТРАКЦИОНЫҢДЫ ОЙЛАП ТАП

       Қарашы, жас суретші мынадай айналаны шолу шеңберін ойлап тауыпты. Оны адамдар кабинадан түскен соң, теңіз мекендеушілерін қызықтау үшін теңіз жағасына орналастырған. Одан кейін жоғарыға көтеріліп, қаланың көркін тамашалайды.

      Сен де дизайнер-суретші ретінде өзіңді сынап көре аласың. Өз аттракционыңды ойлап тауып, оның қалай жұмыс істейтінін, сыртқы түрі қалай болатынын жобала. Түс үйлесіміне назар аудар. Аттракционның нобайын жаса. Оған атау бер.

Мына аттракциондарға қандай атау берер едің? Балалардың жасаған жұмысын көр.

     Сен қағаздың қасиеттерін білесің. Енді пластикалық материалмен жұмыс істеп көр. Ол иілгіш, берік әрі оны желімдеу қиын емес. Бұл саған келесі жұмысты орындауға қажет болады.

×
×

Cart