Қасым хан – қазақ жерінің іргесін бекітті. Ол қазақтардың Жайықтан Балқашқа дейінгі ежелгі жерлерін біріктіріп, билік жүргізді.
Жәңгір хан – өз Отанын қорғаған батыр. Ол шығыстан шапқыншылық жасаған жоңғарларға қарсы ерлікпен соғысып, Орбұлақ шайқасында 600 жауынгермен және көмекке келген Жалаңтөс батырдың әскерлерінің көмегімен өзінен күші басым жаудың 50 мың қолын жеңді. Бұл – тарихта сирек кездесетін, аса даңқты жеңіс.
Әртүрлі дереккөздерден Орбұлақ шайқасында жаудың саны қанша есе артық болғандығын, Жәңгір хан басқарған қазақ жасағының жауды қалай жеңіп, жеңіске жеткендіктерін тауып оқыңдар.
Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» заңдар жинағы құрастырылды. Тәуке ханның билігін қазақ тарихындағы «алтын ғасыр» деп атайды.
«Алтын ғасыр» ұғымын естігенде сенің ойыңа не келеді? «Жеті жарғы» заңының қабылдануы мен «алтын ғасырдың» арасында байланыс бар деп ойлайсың ба?