Табиғат және менің қауіпсіздігім

– табиғатта болатын қауіпті жағдайларда тәртіп сақтаудың ережелерін білетін боласың.
– төтенше жағдайларда болатын сақтық ережелерін құруды үйренесің.

  ТЖ (ЧС) деген әріптер нені білдіреді? Төтенше жағдайлар туралы не білесің? Суреттегі нөмірлермен бейнеленген төтенше жағдайларды анықтаңдар.

  Адам өмірінде табиғи қауіп-қатерден төтенше жағдай пайда болады. Оның басты себебі неде?
  Сызбаға қара. Сыныптасыңмен табиғи апаттың түрлері туралы пікірлес.

  Табиғаттың берген сыйы – жер, су, ауа және от. Жер бізге азық береді, отпен жылынамыз, ауамен тыныстаймыз, сумен шөлімізді қандырамыз. Алайда олардың табиғи апаттарға айналу қаупі де бар.

ЕСІҢДЕ САҚТА!

  Табиғаттағы катаклизмдер – адам өміріне қауіп туғызатын алапат құбылыстар. Өз өмірің мен денсаулығыңды сақтау үшін табиғи катаклизмдерден сақтанатын қауіпсіздік ережелерін білу керек.

Сурет бойынша жер сілкінісі кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі жайлы түсіндір.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер

  Су тасқыны, өрт, дауыл кездеріндегі іс-әрекет ережесін құрастырыңдар. Жинақталған материалдардан шағын кітапша дайындаңдар.

  Бұл кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға ұшырады?
  Оларға мұндай жағдайда не істеу керектігі туралы кеңес беріңдер.

  Шумақ құрастыр. Табиғи катаклизмнің атауын тақырып етіп ал.

×
×

Cart