Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс?

– Қазақстанның тарихи-мәдени, табиғи-туристік нысандары туралы білетін боласың.
– Қазақстан аумағындағы танымал туристік нысандардың рейтингісін жасауды үйренесің.

  Саяхат бағытын таңда. Оқушылардың әңгімесін тыңдап, ой бөліс.

  Суреттердің қайсысы тарихи-мәдени, қайсысы табиғи туристік нысандарға жатады?

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Жұмбақтас

Абай Құнанбаев

Шарын шатқалы

Медеу мұз айдыны

Қозы-Көрпеш– Баян-Сұлу

  Топтарға бөлініп, Қазақстан бойынша саяхатта
  1. Интернет желісінің мүмкіндігін пайдаланып, Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстандағы туристік нысандар жайлы жарнамалық плакаттар дайындаңдар.
  2. Ол үшін Қазақстанға өз қиялыңмен саяхат жаса. Ол ойыңды жарнамалық плакатқа түсір.

  Өзіңе ұнаған кез келген туристік нысанды таңдап, ол жайлы жарнамалық кітапша дайында. Онда нысанның:
– атауы, суреттері қамтылуы керек;
– нысанның ұранын ойлап тап.

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

  Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:
– Қожа Ахмет Ясауи кесенесі;
– Тамғалы петроглифтері;
– Сарыарқа (Қазақстанның даласы мен көлдері);
– Ұлы Жібек жолындағы қалалары бар.

×
×

Cart