1) Мәтіннен негізгі ұғымдарды тауып, түйінді ойыңды жаз.
2) Мәтінді күнделікті өмірмен байланыстырып, басқа оқушылармен пікір алмас.
3) Мына сұрақтарға жауап жаз:
– Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?
– Мен не білемін?
– Мәтіннен қандай ақпарат алдым?
4) Публицистикалық стильдің ерекшелігін сипаттап айтып бер.
1) Өзіндік пікір (идея) – бір сөйлем.
2) Дәлел – екі сөйлеммен келтірілу керек.
3) Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.
4) Өз пікіріне қарсы пікір – бір сөйлем.
5) Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – екі сөйлемнен тұру керек.
6) Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.
Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуындағы өнертабыстар
Уақыт өткен сайын өнеркәсіп те қарыштап дамып отырады. «Өнертабыс» деген ұғым бір қол жетпейтін және күрделі дүние деген түсінік ескірген. Пайдалы әрі қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Автокөліктер мен кіржуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді; микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді; теледидар мен радио өмірді қызығырақ етеді; өртсөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады. Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлатып, пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы арқылы жасалады. Бүкіл әлемдегі адамдардың талаптары ортақ, сондықтан олардың шешімін табуға ұмтылады.
Біз көптеген дүниелер үшін бұрынғы өнертапқыштарға қарыздармыз, себебі олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз. Дизельдік қозғауышты неміс инженері Рудольф Дизель жасаған; пастеризациялау процесін француз химигі Луи Пастер; Фаренгейт шкаласын Пруссия физигі Габриель Фаренгейт; қуатты өлшеу бірлігі – вольтты итальяндық өнертапқыш Алессандро Вольта; сэндвичтерді Граф Сэндвич; джинсіні Леви Штраус ойлап тапқан.
Дегенмен заманауи өнертапқыштар бұрынғылардан кем емес. Олар жасаған өнертабыстарына өз есімдерін бермегендіктен, ел жадында қалмауы мүмкін. Бірақ қазіргі заманғы компьютерлер мен гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар ерекше назар аударып, қолдау көрсетуге лайық.
Отандық өнертапқыштарымыз да өнертабыстардың әлемдік жинағына өздерінің үлесін қосуда. Мұнай-газ секторында, химия саласында, медицинада, ветеринарияда ғылымды көп қажет ететін өнертабыстармен бірге, қарапайым және әлеуметтік маңызы бар өнертабыстар да бар. Мысалы, өнертапқыш Нұрлан Төреханов жаяу жүргіншілерді жолдан өту кезінде қауіптен сақтауды ойлап, жарық беретін сәулелену таяғын ойлап шығарған.
Қазақстандық инновациялық литий-иондық күкірт аккумуляторларды әзірлеушілер экологиялық батареяларды жасаған, олар сырттан әкелген нұсқаларына қарағанда, неғұрлым арзан және ұзақ уақытқа жарамды.
Семей мен Қызылордада бие сүтінен жасалған құрғақ қымыз шығаруға дайындық жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрғақ бие сүтінен қымыз өндірудің бірнеше әдісі патенттелген.
Экспресс-етті тез пісетін кеспеге бәсекелес ретінде астанамыздың тұрғыны ойлап тапқан.
Таразда ғалымдар ерекше кәмпиттер ойлап шығарған, олар кәмпит массасына тарының талқанын қосқан. Қарағанды кондитер фабрикасы ұлттық дәмі бар кәмпиттің алғашқы партиясын дайындап, оны «Тараз» деп атаған.
start info.kz порталынан
Сырым ғибрат алып, ұстаз тұтқан батырлар мен шешендер үлгілі сөз үйретіп қана қоймай, Сырымның тапқырлық сөздерін, өжеттік, ерлік істерін құптап, көтермелеп те отырған. Алдар би Сырымның алдынан шығып:
– Қарадан хан болдың,
Жоқтан бар болдың.
Көнеден дәурен озды,
Көндей қамқа тозды,
Атадан ұл озды,
Анадан қыз озды, –
деп тақпақтап қарсы алады. Сонда Сырым:
– Қарадан хан болсам,
Халқым қалаған болар.
Жоқтан бар болсам,
Құдайым қараған болар.
Көнеден дәурен озса,
Жасы жеткен болар.
Көндей қамқа тозса,
Күтімі кеткен болар.
Атадан ұл озса,
Еркіндігі болар.
Анадан қыз озса,
Еркелігі болар, –
деп жауап береді.Әрине, Алдардың сөзі – мақтау, оны Сырым жақсы түсінеді. Бірақ батыр масайрап бас шұлғымай, шешендік жұмбақтың шешімін тауып, өзіне айтылған мақтауды ел-жұртының атына аударады.
«Қазақтың би-шешендері» кітабынан
Пікіралмасуға қойылатын талаптар:
– тақырыптан ауытқымау;
– дерек пен дәлелдерді ұтымды пайдалану;
– көркемдегіш құралдарды орынды қолдану;
– әдеби тіл нормаларын сақтау;
– өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі түрде жеткізу.
1) Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
2) Адамды сөзінен емес,
Ісінен таны.
3) Шеберден олжа,
Шешеннен сауға.
Жарнама дайындауға қойылатын талаптар:
– мақсатты аудиторияны анықтау;
– ерекше идеяға құрылуы;
– оқырман көңілін аударатын қызықты детальдардың болуы;
– тақырыпты дұрыс жеткізуі;
– мәтіннің белгілі бір стильде сауатты жазылуы;
– иллюстрацияны дұрыс пайдалануы.
• Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, … »
• Екінші сөйлем: «Себебі мен оны … деп түсіндіремін».
• Үшінші сөйлем: «Оны мен … деген деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын».
• Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен … деген шешімге келдім».