Туған жердей жер болмас

Мәнерлеп оқимын, тақырып пен негізгі ойды анықтаймын, дәлелдер келтіремін.

1. Мақал-мәтелдердегі негізгі ойды анықта.

1. Аққу көлін аңсайды,
    Адам туған жерін аңсайды.
2. Ел-елдің бәрі – жақсы,
    Өз елің бәрінен – жақсы.
3. Отан оттан да ыстық.
4. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
5. Туған жердей жер болмас,
    Туған елдей ел болмас.

мәтіндегі оқиға мен ойдың түйіні.

автордың айтайын деген басты пікірі.

дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуі.

дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіре оқу.

2. Автор туралы не білетініңді есіңе түсір. Берілген ақпаратты пайдаланып, автор туралы әңгімеле.

Мағжан Жұмабаев
1893–1938

  • Сасықкөл жағасында туған.
  • Туған жер тақырыбындағы өлеңдері: «Туған жер», «Туған жерім – Сасықкөл», «Тез барам» т.б.
  • «Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады».
                                                       Жүсіпбек Аймауытов

3. Өлеңді тыңда. Мәнерлеп оқу үлгісіне назар аудар.

Туған жер

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық – алтын, қайтып келмес күнім де,
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.

Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім,
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.

Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..

Мағжан Жұмабаев

туған жер
тәтті суың
қалың нуың
атақоныс

4. Мәтінге сүйеніп, төмендегі пікірдің дұрыстығына нақты дәлелдер келтір.

Өлеңнің тақырыбы – туған жер. Негізгі ойы – ақынның туған жеріне деген сүйіспеншілігі.

5. М. Жұмабаевтың туған жер тақырыбына жазған тағы бір өлеңін түсініп, мәнерлеп оқы. Көтеріңкі дауыспен оқылатын жыр жолдарына мән бер.

Туған жерім – Сасықкөл

Алыстан мұнарланып шалқыған көл,
Бетінде күннің нұры балқыған көл.
Жарысып саф күмістей ақ көбігің,
Мап-майда мөлдіріңде қалқыған көл.

Түрлі құс әуез қосып, шулаған көл,
Шуақта балықтарың тулаған көл.
Сапырып сары қымыз ертелі-кеш,
Басында кеңес құрып, дулаған көл.

Сасық деп еркелетіп ат қойған көл,
От-суға иең түгіл, жат тойған көл.
Назданып, жүйрік мініп, тарлан шүйіп,
Көкселдір тұс-тұс жақтан ат қойған көл.

Кір жуып, кіндік кесіп, сенде өскен көл,
Құрбымен ойнап-күліп, кел дескен көл.
Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап,
Күресіп күн батқанда белдескен көл.

Айдын көл, атақоныс, құт болған көл,
Сусын боп сұрағанға, от болған көл.
Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта
Бейне бір сенің басың сүт болған көл.

Мағжан Жұмабаев

қоспасыз, тап-таза.

6. Өлеңге сүйеніп, толықтырып жаз.

… шалқыған көл
… шулаған көл
… тулаған көл
… дулаған көл
… құт болған көл

7. Өз туған жеріңді сипаттау үшін ақын қолданған қандай тіркестерді пайдаланар едің? Теріп жаз.

8. Өлеңдерге сүйеніп, суретке қарап, ақынның туған жерін сипаттап, шағын мәтін құраңдар.

9. Өз туған жеріңнің атауындағы әріптер арқылы туған жеріңді мадақта.

Үлгі: Орал.
О – отты-сулы мекенім,
Р – ризамын туған жеріме,
А – астығы мол,
Л – лашын құсы қалықтаған.

×
×

Cart